09.09.2022, 15:41 30036

Қызыл кітапқа енген Үстірт арқары Қазақстанға оралды

Үстірт арқары (уриал) Қазақстанның оңтүстік-батысында және Түркіменстан мен Өзбекстанның іргелес аймақтарында мекендейтін эндемик тау арқарының кіші түрі.
Қызыл кітапқа енген Үстірт арқары Қазақстанға оралды
Сурет: acbk.kz
АҚТӨБЕ. 9 ҚЫРКҮЙЕК - Үстірт арқары Үстірттің солтүстік шыңына қайта оралды. Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (ASBK) сайтында Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген жануардың видеосы жарияланды.
 
Қауымдастық хабарламасында Үстірт арқары (уриал) Қазақстанның оңтүстік-батысында және Түркіменстан мен Өзбекстанның іргелес аймақтарында мекендейтін эндемик тау арқарының кіші түрі екені айтылған.
 

Қазақстанда арқардың негізгі мекендейтін жері - Үстірттің батыс шыңы. Кейінгі 30 жылда Маңғыстау облысынан тыс жерде бұл сирек тұяқты жануар байқалмады. Бірақ қазір бұл түр Қазақстанда да мекендейтін болған сияқты. Тау арқары солтүстік пен шығыстағы Үстірт жартастарына қоныстанып жүр", - деп жазды Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы.

 
Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап Желтау және Доңызтау шұңқырларында (Атырау және Ақтөбе облыстарының аумағы) камера қақпандары жануарларды тіркей бастағаны айтылды.
 

Мұнда тоқтылар мен буаз аналықтар әлі байқалмады, яғни бұл жерде арқарлар тұрақты өмір сүрмейді деген сөз. Дегенмен болашақта олар бұл жерлерге көбею үшін де қоныстана бастауы мүмкін", - деп хабарлады қауымдастық.

 
Жақында Үстірт мемлекеттік табиғи резерватының камерасына түсіп қалған сирек кездесетін жануарлардың тағы бірі – дала сілеусіні.
 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны