Система Orphus

Жаңа төрт жолақты жол ашылды

06.08.2020 14284
Жаңа төрт жолақты жол ашылды

Ақтау. 6 тамыз. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында "Т"-тәрізді қиылыстан "Тгее of life" демалыс базасына дейінгі жол қозғалысқа ашылды. Бұл автомобиль жолдарын реконструкциялау жобаларының бес кезеңінің бірі болып табылады, жалпы ұзындығы (барлық бес жоба бойынша) - 70, 9 км.

Жобаның бірінші кезеңі бойынша жоспарланған 27 км-ден 15,6 км асфальт төселді. Қалған бөлігі бойынша жұмыстар жалғасуда. Жобаға сәйкес автомобиль жолы 2 жолақтан 4 жолаққа кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салынуда. Сонымен қатар, автомобиль жолына жарықтандыру бағаналары орнатылуда. Реконструкциялау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу "Ұлттық жол активтерінің сапасы орталығы" РМК арқылы жүзеге асырылып отыр. Реконструкциялау жұмыстарына 30 техника мен 100-ге жуық адам жұмылдырылған.

Жобаның екінші кезеңі бойынша жұмыстар әзірге басталған жоқ. Бұл "Алау" демалыс лагерінен "Құрық" паромдық кешеніне дейінгі қашықтық. Осы жоба бойынша ұзындығы 34,7 км 2 жолақты жол құрылысы жоспарлануда.

Жобаның 3-кезеңі болып табылатын "Маңғыстау облысындағы "МАЭК" су алғышынан бастап Құрық теңіз портына дейінгі автомобиль жолын реконструкциялау" "МАЭК-КазАтомөнеркәсіп" ЖШС су ағызу каналы (Шора) арқылы өтетін көпір. Жоба бойынша жолдың ұзындығы - 0,07 шақырым (70 метр). Көпір құрылысы бойынша мердігер мекеме - "Ақжол құрылыс" ЖШС, авторлық қадағалаушы - "МГПС" ЖШС және техникалық қадағалаушы - "Yeren" ЖШС. "Ақжол құрылыс" ЖШС мен Алматы қаласының "АЗМК" ЖШС арасында көпір құрылысының темір бетонды бұйымдарына тапсырыстар беріліп, келісім шарт жасақталған болатын. Бүгінде материалдар келіп түсуде. Монтаж жұмыстары тамыз айында басталады.

Жобаның 4-кезеңі - "Ақтау қаласының Өмірзақ елді мекенінен жылы жағажайға дейінгі ұзындығы 4,6 шақырым болатын автомобиль жолының құрылысы" жобасы. Жоба бойынша автомобиль жолы 4 жолақты етіп, толықтай жарықтандырылып, веложол мен тротуар және 1 көпір қарастырылған. Қазіргі таңда, 4,6 шақырымға жол негізі мен асфальт жабындысы толығымен төселді. Жұмыстар 85% аяқталды. Құрылыс жұмыстарына 50 техника мен 100-ге тарта адам жұмылдырылған. Жұмыстар жалғасуда.

Жобаның бесінші кезеңі - Ақтау қаласының "№3 және №1 қиылысынан ("Honda Center") - Өмірзақ ауылы ("Т" пішінді қиылыс) дейінгі автомобиль жолының учаскесін қайта жаңарту. Жоба бойынша жол 2 жолақтан 4 жолаққа дейін кеңейту жоспарлануда. Жалпы ұзындығы 4,5 шақырым. Сондай-ақ, жолдың екі жағына жаяу жүргінші жолы мен веложол салу жоспарлануда.

Жобаның бірінші, үшінші және төртінші кезеңдер бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың екінші жартысында аяқталады.

Бұл шаралар өңірде туристік саланы дамытуға мүмкіндік береді, өңірлік бизнес үлесін арттырады және өңірдің экономикасына оң әсер етеді. Тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны