13.08.2021, 19:51 13669

Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. 13 ТАМЫЗ - Данияр Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — инженер-экономист. Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады. 2002-2008 жж. Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған. 2008-2010 жж. – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары. 2010-2014 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтер жасады. 2014-2018 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2018 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны