11.03.2012, 10:54 3259

Жаңаөзенде жұмысшылардың жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды

8-наурыз күні таңертеңгі сағат сегізден кешкі сегізге дейін Жаңаөзеннен 70 шақырым қашықтықтағы "Болашақ" стансысынан 46 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың барлығы "АстанаСтройИмпекс" ЖШС-ның жұмысшылары. Оның 29-ы Қазақстанның, қалған 17-сі Өзбекстанның азаматтары. Тексеру кезінде мәлім болғандай, олардың барлығы қызмет орнындағы асханадан түскі ас ішкеннен кейін өздерін нашар сезініп, медициналық көмекке жүгінген.

Ақтау. 11-наурыз. Kazakhstan Today - Жаңаөзенде жұмысшылардың жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, 8-наурыз күні таңертеңгі сағат сегізден кешкі сегізге дейін Жаңаөзеннен 70 шақырым қашықтықтағы "Болашақ" стансысынан 46 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың барлығы "АстанаСтройИмпекс" ЖШС-ның жұмысшылары. Оның 29-ы Қазақстанның, қалған 17-сі Өзбекстанның азаматтары. Тексеру кезінде мәлім болғандай, олардың барлығы қызмет орнындағы асханадан түскі ас ішкеннен кейін өздерін нашар сезініп, медициналық көмекке жүгінген.

Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлзайда Төлеуғалиеваның хабарлауынша, оқиға санитарлық талаптардың өрескел бұзылуынан болған. Жұмысшылардың жаппай улану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 267-бабының 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны