27.04.2023, 12:46 59206
Жеңіс күніне Алматыда ҰОС ардагерлері қанша алады
Достарға айту
Соңғы мәлімет бойынша, Алматыда 58 ардагер тұрады
Алматы. 27 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мегаполисте Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1,5 млн теңге төлеу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, төлем Ауған соғысы жауынгерлері мен тыл еңбеккерлеріне де беріледі.
9 мамыр - бәріміз үшін қасиетті мереке. Өкінішке қарай, ардагерлеріміз жыл сайын азайып келеді. Соңғы мәлімет бойынша, Алматыда 58 ардагер тұрады. Олар мерекені аман-есен қарсы алса екен деймін, біз жыл сайын құттықтаймыз. Әрбір ҰОС ардагеріне миллион теңгеден төлеуді жоспарладық. Ертең мәслихат отырысы өтеді, мен депутаттардан оларға 1,5 млн теңгеден төлеу үшін тағы 500 мың қосуды сұраймын", - деді қала әкімі.
9 мамырда дәстүрлі түрде 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта гүл шоқтары қойылады, мерекелік концерт өтеді. Ардагерлер қаланың барлық аудандарында да құрметке ие болады.
Қала әкімі атап өткендей, мерекеге өзі қатыса алмайтын ардагерлерге жеке көңіл бөлінеді. Аудан әкімдері әрқайсысына барып, Жеңіс күнімен құттықтайды.
Бұған дейін Мәжіліс кулуарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 9 мамырға қарай тірі қалған 237 Ұлы Отан соғысы ардагерінің әрқайсысына кемінде 1,5 миллион теңгеден берілетінін айтқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Ұлы Отан соғысының әрбір ардагеріне 1 миллион теңгеден төленген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.07.2025, 13:22 1716
Мемлекет басшысы ақын Исраил Сапарбайдың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, "Парасат" орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Исраил Сапарбай ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосқан дарынды қаламгер еді. Ұлттық поэзия мен драматургияда өзіндік қолтаңбасын қалдырып, нағыз шығармашыл тұлға ретінде өнімді еңбек етті. Қалың оқырман өміршең туындыларымен қатар ұлтжанды азаматтығын жоғары бағалады. Соңына бай әдеби-мәдени мұра қалдырған Исраил Сапарбайдың жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды", - деп жазылған жеделхатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.07.2025, 14:31 6201
Астанада "BaiQymyz" фестивалі өтеді
Достарға айту
Астанадағы "Қазанат" атшабарында 19-20 шілде күндері қазақ халқының дәстүрлі сусыны - қымызға арналған ауқымды "BaiQymyz - Бапталған қымыз" гастрофестивалі өтеді. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысады деп күтіліп отыр. Қонақтар саны 60 мың адамға дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен..
Фестивальге байланысты 19-20 шілде күндері №18, 37 және 303 бағытындағы автобус қозғалысына уақытша өзгерістер енгізіледі. Осыған орай, қала тұрғындары мен қонақтарына жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Іс-шараның басты мақсаты - ұлттық тағам мәдениетін қайта жаңғырту, атап айтқанда, қымыз өндірісін ілгерілету және бұл дәстүрді халықаралық деңгейде таныстыру. Фестиваль аясында ең үздік қымыз өндірушіні анықтайтын байқау өткізіледі.
Жеңімпаздар мынадай жүлде қорымен марапатталады:
• І орын - 20 млн теңге;
• ІІ орын - 15 млн теңге;
• ІІІ орын - 10 млн теңге.
Жалпы жүлде қоры - 45 миллион теңге.
Фестиваль қазақтың ұлттық сусынын - қымызды денсаулық пен қонақжайлылықтың символы ретінде дәріптеуге, сонымен қатар еліміздегі агротуризм мен жылқы шаруашылығын дамытуға серпін беруге бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.07.2025, 17:58 18226
Өздерін ҰҚК қызметкерлері ретінде таныстырады: қазақстандықтарға алаяқтық туралы ескертілді
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел азаматтарын комитет қызметкерлері ретінде таныстыратын алаяқтар туралы ескертті, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
Қылмыскерлер азаматтарға ҰҚК және басқа да ведомстволардың қызметкерлері ретінде телефон соғып, олардың банк шоттарында күмәнді операциялар немесе істі тергеу туралы хабарлайды.
Жеке жағдайларда алаяқтар ұлттық қауіпсіздікке деген болжамды қауіп-қатерді негізге ала отырып, терроризм әрекетін тоқтату үшін әрекет қажет деп мәлімдейді. Шынайылық үшін жалған куәліктерді (мысалы, мессенджердегі бейне қоңыраулар арқылы) көрсетеді немесе ҰҚК логотипі бар жалған құжаттарды жібереді.
Әңгіме барысында олар азаматтарды ақшаларына қауіп төніп тұрғанына сендіріп, қорғаныш немесе тексеру үшін қаражатты қауіпсіз шотқа аударуды ұсынады. Кейде оларға жинақтарын құтқару үшін несие алуға кеңес беріледі, содан кейін ақша қылмыскерлер бақылайтын шоттарға аударылады.
Сондай-ақ, ҰҚК-нің жалған қызметкерлері жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу үшін және т.б. ақшалай сыйақыға өз қызметтерін ұсынуы мүмкін.
Бұл әрекеттер Қылмыстық кодекстің 190 (Алаяқтық) және 385 (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) баптарына жатады.
Осыған байланысты ҰҚК құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлері азаматтарға ешқашан қоңырау шалып, қандай да бір шоттарға ақша аударуды талап етпейтінін, соның ішінде террористік әрекеттерді тоқтату сылтауымен де шақырмайтынын еске салады.
Мұндай қоңыраулар немесе ұсыныстар алынған жағдайда полиция органдарына хабарласу керек.
Азаматтарға қырағылық таныту қажет екендігін ескертеміз.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.07.2025, 17:15 45886
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары балалардың қауіпсіздігі үшін терезе блокираторларын орнатуда
Достарға айту
Жыл басынан бастап Қазақстан ТЖМ құтқарушылары еліміздің түкпір-түкпірінде көпқабатты үйлердегі пәтерлерде қорғаныш терезе блокираторларын орнату бойынша кең ауқымды акция өткізуде. Бұл бастама аясында ерекше назарды қажет ететін отбасылардың үйлерінде қазіргі уақытта 2500-ден астам қорғаныш құрылғысы орнатылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
ТЖМ құтқарушылары барлық құрылғыларды көпбалалы, әлеуметтік осал отбасылардың, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасылардың пәтерлерінде тегін орнатады.
Акцияның басты мақсаты - балалардың терезеден құлауының алдын алу. Өкінішке орай мұндай оқиғалар балаларды тіпті қысқа уақытқа қараусыз қалдырғанда да, терезе ашық болса, орын алып жатады.
ТЖМ ата-аналарға қарапайым, бірақ өмірлік маңызды ережелерді ескертеді:
- үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз;
- терезе маңына жиһаз қоймаңыз - бала үстіне шығып кетуі мүмкін;
- тек қорғаныш механизмі бар терезелерді пайдаланыңыз;
- бала терезені аша алмауы үшін терезе тұтқасын бекітіп қойыңыз;
- баланы терезе алдына шығуға үйретпеңіз;
- балаларды үлкендердің қарауынсыз балконға шығармаңыз;
- москит торы құлап кетуден қорғай алмайтынын есте сақтаңыз.
Балалардың қауіпсіздігі - ересектердің қолында!
ТЖМ құтқарушылары қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін бар күшін салуда, алайда басты жауапкершілік - ата-аналарға жүктеледі.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 немесе 101 нөмірлеріне дереу қоңырау шалыңыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.07.2025, 13:32 45616
"Мерейлі отбасы - 2025": елордада үздік отбасылар анықталды
Достарға айту
Елордадағы Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония қабырғасында "Мерейлі отбасы - 2025" ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға елорда әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты. Биыл көпсатылы іріктеуден өткен 19 отбасы үздіктер қатарынан көрінді. Олардың барлығы бағалы сыйлықтар мен марапаттарға ие болды. Байқаудың жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгеден асты.
Бас жүлде мен 1 миллион теңгені Айтқожиндер отбасы иеленді.
Мерейлі отбасы" байқауы туралы жаңалықтардан, әкімдік сайтынан, сондай-ақ мектеп пен жұмыстан білдік. Біз - үлкен, тату отбасымыз, 8 баламыз бар. Балалардың бәрі қуана қатысты. Өзім "Күміс алқа" және "Алтын алқа" иегерімін. Отбасымызда көптеген мақтау қағазы, дипломдар, медальдар бар", - деді Айнаш Айтқожина.
Отағасы - қоғам белсендісі, "Хаджнама. Қағбаға ұзақ жол" және "Жастық шағымның оқиғалары" кітаптарының авторы. Ол сондай-ақ "Қамқор әке" ретінде Әкелер одағынан медальдармен марапатталған. Ерлі-зайыптылар белсенді әрі жасампаз өмір салтын ұстанып, балаларын жауапкершілікке, еңбекке және отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді.
Біз үнемі марафондарға қатысамыз: әкеміз 42 шақырым жүгірсе, мен 21 және 10 шақырым қашықтықты бағындырамын. Екеуміз де күміс медальдарға ие болды. Сол сияқты экстремальды атлетика сериясы аясындағы күзгі, қысқы және жазғы жарыстар қорытындысы бойынша "Солтүстіктің патшасы мен патшайымы" атағын иелендік", - деп бөлісті Айнаш Айтқожина.
Бұл - ұлттық байқау, осымен он бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Астанада байқау аудандық кезеңнен басталып, кейін қалалық деңгейде өтті. Алдағы уақытта республикалық деңгейде жалғасады, бұл кезең шамамен жаздың соңында өтеді. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Биыл қаланың әр ауданынан 35-тен 50-ге дейін өтінім келіп түсті. Комиссия әр ауданнан төрт үлгілі, өнерлі отбасыны іріктеп, қалалық деңгейде түрлі номинациялар бойынша лауреаттарды анықтады", - деді байқау үйлестірушісі Елена Ленчук.
Байқауға қатысу үшін жалпы 255 өтінім келіп түсті, бұл елорда үшін рекордтық көрсеткіш болып отыр. Әр отбасы өз тарихын, дәстүрін, жетістіктерін және мақтан тұтатын құндылықтарын ұсынды.
Бірінші кезеңде аудандық комиссиялар төрт отбасыны іріктеп, кейін қалалық деңгейдегі комиссия "Жас отбасы", "Интернационал отбасы", "Тату отбасы", "Спорттық отбасы" және басқа да номинациялар бойынша 12 лауреатты анықтады.
Іріктеу кезінде қоғамдық өмірге қатысуы, еңбек әулеттері, спорттағы, білім беру мен шығармашылықтағы жетістіктері, отбасылық дәстүрлерді сақтау және бала тәрбиесі сынды критерийлер ескерілді.
Биыл іріктеу барысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жұмысшы кәсіп иелеріне де баса назар аударылды.
Байқау шарттарына сәйкес, отбасылар өтінімдерін 15 мамыр мен 15 маусым аралығында ұсынды. Құжаттармен бірге қатысушылар портфолио, видеопрезентациялар, алғыс хаттар, отбасыларының түрлі саладағы белсенділігі мен үлесін растайтын дипломдарды жолдады", - деді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы жобаларының үйлестірушісі Шыңғыс Шопанұлы.
Байқаудың басты мақсаты - салауатты отбасылық қарым-қатынасты насихаттау, отбасы институтын нығайту және оң үлгілерді көрсету.
Қалалық кезеңнің жеңімпазы енді "Мерейлі отбасы - 2025" байқауының республикалық финалында Астананың атынан қатысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.07.2025, 14:44 54111
Алакөл мен Балқашқа бағыт алған демалушыларға байланысты Жетісуда жол қауіпсіздігі күшейтілді
Достарға айту
Алакөл мен Балқаш көлдеріне демалушылардың артуына байланысты Жетісу жолдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазғы туристік маусымның басталуына байланысты Жетісу облысында полиция қызметкерлері Алакөл мен Балқаш көлдеріне баратын бағыттарда жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шараларды күшейтілген режимде жүргізуде. Туристер легінің артуына байланысты негізгі автожолдарға жақын орналасқан аудандарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Патрульдік полицияның қосымша жасақтары тартылып, мобильді бекеттер орнатылды, тәулік бойы патрульдік бақылау ұйымдастырылған. Назардың негізгі бөлігі жол қозғалысы ережелерінің сақталуына аударылуда. Полицейлер жүргізушілермен күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жылдамдықты асырмау, көлікті мас күйінде басқармау, қауіпсіздік белдігін тағу, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол беру қажеттігін ескертіп отыр.
Туристердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін полиция қызметкерлері ресми кемпингтер мен демалыс аймақтарының орналасқан жерлері туралы ақпарат беруде. Бұл - ұзақ жолға шыққан отбасылар үшін ыстық күндері тоқтап, тынығып, күш жинауға таптырмас мүмкіндік. Іске асырылып жатқан кешенді шаралар жол-көлік оқиғаларын азайтуға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ жолда жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Полиция барлық азаматты жол ережелерін сақтауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.07.2025, 10:48 54451
Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 221 мыңнан астам тапсырыс берді
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - Еңбекмині) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 221,7 мың рет көрсетілді, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 207,2 мың рет көрсетілгенін естеріңізге саламыз.
Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметін көрсету жылдамдығы мен сапасын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және т. б. мәселелер бар.
Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды.
Мұндағы басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.
Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді арнайы нұсқаулар алады.
Биыл Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдар қатарынан фокус-топтың қатысуымен жобаны пилоттық режимде іске асыру жалғасуда. Алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлеріне масштабтау жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2025, 14:11 75406
Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңкелерде 22 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылды
Достарға айту
Жыл басынан бері Алматы тұрғындары мен қонақтары демалыс күнгі жәрмеңкелерде 22 800 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін сатып алды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Оның ішінде: 11,5 мың тоннаға жуық көкөністер мен жемістер, 7,3 мың тоннадан астам ет және ет өнімдері, 2 мың тоннадан астам сүт өнімдері, 1,8 мың тонна бакалея және маринадталған қияр.
Жәрмеңкелерде барлығы 1000-нан астам тауар түрі ұсынылған.
Демалыс күнгі жәрмеңкелері отандық өндірушілерді қолдауға, халықтың қолжетімді бағамен сапалы азық-түлік тауарларын алуына, сондай-ақ қаланың сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Өнім тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өңдеуші кәсіпорындардан делдалдардың қатысуынсыз келіп түседі, бұл бағаны нарық деңгейінен төмендетеді. Жәрмеңкелерді "Алматы "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ("Алматы" ӘКК) ұйымдастырады.
Жыл басынан бері қаланың бес ауданында 210-нан астам жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңке апта сайын, сенбі және жексенбі күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.
Орташа алғанда демалыс күндері Алматы мен Алматы облысының 328 фермерлері мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінен келетін 800 тоннадан астам өнім сатылады.
Жәрмеңкелер өтетін орындар:
* Алмалы ауданы: Масанчи көшесі, Гоголь көшесі мен Әйтеке би көшесі арасында.
* Бостандық ауданы: Қазақфильм ш/а, Исиналиев көшесі.
* Әуезов ауданы: Өтеген батыр көшесі - Абай даңғылының төмен жағы.
* Медеу ауданы: Меңдіқұлов бульвары - Бектұров көшесінің қиылысы.
* Алатау ауданы: "Мәдениет" ТҮК.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.07.2025, 09:07Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары сәтті аяқталды 18.07.2025, 10:13 9281ЖАП салықтық және кедендік әкімшілендіру аудитінің қорытындысы бойынша 747 млн теңгеге заң бұзушылық анықтады18.07.2025, 10:15 9051Ақтауда 197 млн теңге жалақы қарызы қызметкерлерге қайтарылды18.07.2025, 13:19 8811Қазақстанда жасанды интеллект құралдары мемлекеттік органдардың қызметіне енгізілуде18.07.2025, 14:12 7796Қазақстандық су саласы мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға аттанды
11.07.2025, 09:44 86381Үкімет Ақтау жылу желілерін қайта жаңартуға 3,6 млрд теңге бөлді11.07.2025, 11:59 86276Тоқаев Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады11.07.2025, 12:08 86101Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті11.07.2025, 18:38 84411Ермек Көшербаев Қапшағай жағажайларында бағаның жоғары болу себебін анықтауды тапсырды15.07.2025, 19:56 81261Қазақстанда аграрлық азық-түлік маркетплейсі пайда болуы мүмкін
04.07.2025, 19:14 139041Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 138871Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 13:43 136616"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 18:14 130161Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды03.07.2025, 18:11 128146Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді