17.10.2018, 17:43 4036

Жұмыссыздар мен жұмыс берушілер үшін әзірленген Telegram-бот іске қосылды

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қазақстан Республикасы Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, жұмыссыздар мен жұмыс берушілер үшін әзірленген @EgovKzBot (Telegram-бот) арқылы екі қосымша қызметтіӊ іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қазақстан Республикасы Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, жұмыссыздар мен жұмыс берушілер үшін әзірленген @EgovKzBot (Telegram-бот) арқылы екі қосымша қызметтіӊ іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Бұл үшін қажет барлық нәрсе:

Ирбір мүдделі тұлға (жұмыс беруші немесе ізденуші) "жұмыс табу" немесе "маман табу"деген қажетті команданы таӊдау қажет.

"Жұмыс табу" қызметін таӊдау кезінде пайдаланушы жұмысқа орналасқысы келетін аймақты көрсету, сондай-ақ қалаған позицияны (талдаушы, мұғалім және т.б.) көрсету қажет.

Нәтижесінде, @EgovKzBot пайдаланушысы электрондық еӊбек биржасыныӊ enbek.kz сайтынан тартылатын жалпы түйіндемелердіӊ санын алады, сонымен қатар, көтеріліп отырған мәселелер бойынша нақты бір қорытынды беру үшін мекемеде тексеріс өткізу қажет екенін хабарлаймыз.

Жұмыс берушілерге "маманды табу" қызметі қажетті бос жұмыс орны (еркін толтыру) бойынша қызметкерді іздестіруге мүмкіндік береді. Ол үшін тиісті аймақты көрсетіп, сұралған деректерді көрсету қажет.

Нәтижесінде мамандардыӊ барлық тізімінен жеке карточкаларын қарап, тиісті кандидатураны сұхбатқа/сұхбаттасуға шақыруға болады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ - "электронды үкіметтіӊ" инфокоммуникациялық инфрақұрылымы мен мемлекеттік органдардыӊ бірыӊғай көлік жүйесініӊ операторы, орталық және аймақтық мемлекеттік органдардыӊ ақпараттық жүйелеріне жүйелі-техникалық қолдау көрсетеді, мемлекеттік деректер базасындағы ақпараттыӊ қауіпсіздігіне жауап береді ("Заӊды тұлға", "Жеке тұлға", "Мекенжай регистрі", "Жылжымайтын мүлік регистрі", "Е-лицензиялау", "Е-техбайқау"). Бетке ұстар бағыттар бұл - "Электронды үкімет" (egov.kz) және "Ашық үкімет" (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы,телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыӊғай байланыс орталығы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны