17.02.2022, 17:23 24216

Өзін-өзі тану факультативтік пәндер санатына ауыстырылады

Өзін-өзі тану факультативтік пәндер санатына ауыстырылады
НҰР-СҰЛТАН. 17 АҚПАН - "Өзін-өзі тану" пәні мектепте оқуға міндетті пәннен факультативті пән санатына ауыстырылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазіргі уақытта ҚР БҒМ Ұлттық білім академиясы осы міндетті пәнді мектепте оқу үшін келесі оқу жылынан бастап факультативтік санатқа ауыстыру бойынша жоба енгізді. Яғни, қыркүйек айынан бастап "Өзін-өзі тануды" бұрынғыдай 1-11 сыныптар емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша пәнге айналдыру жоспарлануда", - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Пәнді факультативтік тізбеге ауыстыру бойынша осы жұмыс оқу бағдарламаларын жаңарту және оқушылардың оқу жүктемесін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде жүргізілетін болады.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда аудандық және облыстық олимпиадалар электронды форматта басталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны