28.03.2023, 08:13 35491

Қазақстандық теннисші Рыбакина алғаш рет Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Рыбакина жартылай финалына шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен кездеседі
Қазақстандық теннисші Рыбакина алғаш рет Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Сурет: ktf.kz
Астана. 27 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

Елена төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған бельгиялық Элиза Мертенспен шеберлік байқасып 1 сағат 46 минутқа созылған ойында 6:4, 6:3 есебімен оңай ұтты. Бұл - Еленаның қатарынан он бірінші жеңісі. Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының жартылай финалына шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен кездеседі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны