13.01.2026, 12:30 851
Су арналарын цифрландыру: елімізде 2028 жылға қарай 3,6 млн "ақылды" су есептеу құрылғылары қолданысқа беріледі
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Цифрландыру сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртудың ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол - коммуналдық инфрақұрылымды тұрақты пайдаланудың, жүйелі басқарудың, бақылаудың және шығындарды азайтудың қажетті шарты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша, сол себепті де байланыс арналары арқылы көрсеткіштерді автоматты түрде жинауға арналған телеметрия технологиясы бар автоматтандыру жүйелеріне (ТП АБЖ) және есепке алу аспаптарына қойылатын талаптарды стандарттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық жоба аясында су арналары кәсіпорындарының процестерін кезең-кезеңімен автоматтандыру көзделген.
2026-2028 жылдары 3,6 млн-нан астам "ақылды" су есептеу құрылғыларын орнату жоспарлануда, бұл су шығындарын айтарлықтай оңтайландыруға және жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.
Отандық және халықаралық сарапшылармен бірге Астана, Шымкент, Орал, Екібастұз және Шахтинск сынды 5 қаладағы су арналары қызметінің жұмысын бағалау жүргізілді. Оның нәтижесінде процестерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар дайындалды, біртұтас цифрлық шешімдерді және кезең-кезеңімен енгізуді қарастыратын техникалық-экономикалық негіздемені дайындау үшін техникалық тапсырма әзірленді. Сумен жабдықтау аспаптарын орнату бойынша өтінімдерді қалыптастыру мақсатында әкімдіктер мен табиғи монополия субъектілерімен жұмыс жүргізілуде", - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар Мемлекет басшысысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауының аясында су секторына халықаралық тәжірибе мен біліктілікті тартуды туралы міндет қойылған болатын. Осы мақсатта былтыр ірі халықаралық желілік операторлар - Veolia, Suez және Aqualia компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Мұндағы формат активтерді беру емес, мемлекет бақылауын сақтай отырып, басқарушылық құзіреттер мен халықаралық үздік тәжірибелерді енгізуге бағытталған.
Қазіргі уақытта еліміздің су инфрақұрылымын басқарудағы тәжірибесі мен құзыреттілігін кеңейту үшін бірнеше азиялық компаниялармен келіссөздер жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.01.2026, 09:52 5246
Ақмола облысында әлеуметтік сала мәселелері талқыланды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Көкшетау қаласында Ақмола облысының әлеуметтік саласына қатысты мәселелер қаралды. Кеңес "Aqmola Digital" алаңында өтіп, оған облыс әкімі Марат Ахметжанов, әлеуметтік сала вице-министрлері, орталық мемлекеттік органдар мен өңірдегі әлеуметтік сала басшылары қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ең алдымен, қатысушылар облыстағы білім беру саласын, әсіресе мектепке дейінгі білім беру мәселелерін талқылады. Балабақшалар 97,1% баланы қамтығанымен, әлі 3 мыңнан астамы кезекте тұр, бұл инфрақұрылымға түскен жүктеменің көп екенін көрсетеді. Сонымен қатар мамандар болжамы бойынша 2028 жылға қарай мектептегі орындар тапшылығы 4 мыңға дейін жетуі мүмкін. Бұған қоса, өңірдегі білім сапасына кадр жетіспеушілігі де кері әсерін тигізіп отыр. Мектепке дейінгі білім беру саласында 690 педагог жетіспейді, ал жекеменшік секторда біліктілік санаты бар педагогтердің үлесі небәрі - 13,4%.
Өңірдің денсаулық сақтау жүйесіндегі кей көрсеткіштердің жақсаруы негізгі мәселелерді толық шешпейді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, облыс бойынша өмір сүру ұзақтығы - 74,2 жас. Сонымен қатар 2025 жылдың 10 айында жалпы өлім-жітім 4%, нәресте өлімі 36,7 % және туберкулезден көз жұмғандар саны 29,6% төмендеген.
Адамдар үшін есептегі сандар емес, нақты нәтиже маңызды. Көрсетілетін көмек қолжетімді, уақтылы және сапалы болуы керек. Әрбір салынған нысан лицензия, құрал-жабдықтар, кадрлармен қамтамасыз етіліп, "толық циклде" жұмыс істеуі тиіс. Ал ана өлімі мен жүрек-қан тамырлары аурулары сияқты "аса сезімтал" көрсеткіштер бойынша жекелеген шаралар емес, бірыңғай басқарушылық байланыс пен барлық деңгейде жауапкершілік қажет", - деді Аида Балаева.
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында атаулы әлеуметтік көмектің тиімділігіне тікелей ықпал ететін деректердің сапасы негізгі мәселе ретінде атап өтілді. Бірыңғай цифрлық платформаға 727 ұйым енгізілгені сөз болып, сонымен қатар қосарланған жұмыспен қамту мен кадрлық есептіліктегі бұрмалауларды қоса алғанда, қайта тексеруді қажет ететін жағдайлар анықталғаны айтылды.
Кадр мәселесі де жиында талқыланған маңызды тақырыптың бірі болды. Облыста Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты 3 жоғары оқу орны жұмыс істейді (13,1 мың студент, оның ішінде 4,7 мыңы - мемлекеттік тапсырыс бойынша). Ал өңір экономикасының жыл сайынғы кадр қажеттілігі шамамен 12,5 мың адам, оның жартысынан астамы техникалық және кәсіптік білім беру саласына тиесілі. Осыған байланысты өңірлік білім беру тапсырысын нақтылау және ерте кәсіби бағдар беру жұмысын күшейту қажеттігі көтерілді.
Сонымен қатар Аида Балаева жұмыс сапары аясында Ақмола облысының Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуде халықпен тұрақты байланыс орнату және әлеуметтік қызметтердің сапасына қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева бірқатар тапсырма берді. Атап айтсақ, білім беру саласы бойынша жеке жоспар әзірлеу, денсаулық сақтау саласындағы бақылауды ана өліміне, кадр мәселесіне және алғашқы медициналық-санитарлық көмекті "толық циклде" іске қосуға басымдық бере отырып күшейту, әлеуметтік саладағы деректерді верификациялауды аяқтау және қосарланған қаржыландырудың алдын алу. Сондай-ақ кадрларды өңір қажеттіліктеріне сай даярлау, білім және ғылым, туризм және спорт салалары бойынша инфрақұрылымдық шешімдерді нақты мерзімдер мен жауаптыларды айқындай отырып жеделдету тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2026, 08:51 3626
2025 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 276 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі - ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 529,6 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте 276,2 мыңнан астам адам өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін пайдаланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.
ОЦК енгізудің басты мақсаты - қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқылы екендігі туралы күнделікті "электрондық хабарлама" болып табылады.
Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 11 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем; Бала туу мен күтіміне жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем.
Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, "қандас" мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды.
Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.
Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.
Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.01.2026, 20:12 6536
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президентке ведомствоның 2025 жылы атқарған қызметінің басты нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жанат Элиманов 1135 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жәбірленушілерге 141,5 миллиард теңге өтелгенін баяндады. 128 миллиард теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айырбастаумен шұғылданған 15 қылмыстық топ пен 29 алаңның көзі жойылды. Есірткі сатудан және алаяқтық жолмен тапқан ақшаны жылыстатқан 22 астыртын криптоалмасу қызметіне тосқауыл қойылды. Есірткі табысын заңдастыруға қатысы бар 1,1 мыңнан астам заңсыз онлайн криптовалюта айырбастау қызметі мен 20 мың дроп‑карта бұғатталды.
Мемлекет басшысына қаржы секторында заңсыз кірісті жылыстатумен айналысты деген күдікке іліккен 2 мың компаниямен және 56 мың адаммен іскерлік қарым-қатынас тоқтатылғаны туралы айтылды. Бұдан бөлек, 53 инфрақұрылымдық жоба бойынша 264,2 миллиард теңге бюджет қаржысын негізсіз шығындауға, тауар биржасы басшылығының 2 миллиард теңге заңсыз сыйақы алу схемасына тосқауыл қою арқылы әлеуметтік маңызы бар көмір бағасының спекулятивтік өсуіне жол берілмеді. Агенттік қызметкерлері контрабандалық жолмен шетелге 102 мың тонна бензин шығару әрекетін әшкерелеп, жанар-жағармай тапшылығының алдын алды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықты онлайн-казинолардан сақтандыру шаралары жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, төлем қызметтерін ұсынатын 35 ұйымның көмегімен 2,1 триллион теңге қаражат заңсыз айналымда жүргені анықталды. Табиғи ресурстарды барлау жұмыстарын атқармаса да, 437 жер қойнауын пайдаланушыға 625 жер телімін беру, сондай-ақ 382 мың тоннадан астам заңсыз өндірілген пайдалы қазбаны шығару фактілері тіркелді.
Сонымен қатар МӘМС жүйесінде көрсетілген қызметтердің санын қолдан көбейту, соның ішінде қайтыс болған адамдарға жалған медициналық көмек көрсету арқылы 26 миллиард теңге шығын келтіру фактісі мәлім болды.
Мемлекет басшысы Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.01.2026, 19:10 6781
Мемлекет басшысы конституциялық реформаға қатысты түсіп жатқан ұсыныстармен танысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Жұмыс тобының 9 қаңтарда өткен отырысында болашақ бір палаталы Парламенттің мәртебесін, өкілеттіктері мен функцияларын анықтауға, сондай-ақ биліктің басқа да тармақтарымен өзара іс-қимылына қатысты тәсілдер әзірленгенін айтты. 15 қаңтарға жоспарланған келесі отырыста жаңа Парламенттің басты мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз ету өкілеттіктері талқыланады.
Ержан Жиенбаев Мемлекет басшысын конституциялық реформаға қатысты Жұмыс тобы мүшелері мен жұртшылықтан келіп түскен жаңа ұсыныстармен таныстырды.
Президент барлық пікір мен бастаманы ескеру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ конституциялық реформа бойынша түпкілікті шешімді ел азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайтынын мәлімдеді.
Сонымен қатар кездесуде Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өтетін бесінші отырысына дайындық мәселесі қаралды. Мемлекет басшысы Құрылтай отырысын өткізуді осы жылдың 20 қаңтарына белгілеп, алдағы маңызды іс-шараны ұйымдастыру және оған тыңғылықты әзірлену жөнінде нақты тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.01.2026, 17:25 4201
Алматы қаласының прокуратурасы мемлекетке 300 млн теңгеден астам активті қайтарды
Достарға айту
Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары заңсыз берілген мемлекеттік активтерді қайтару бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Жүргізілген шаралар нәтижесінде 2019 жылы "Қазақстан мәдениет зерттеу институты" ЖШС-нің заңсыз түрде иеліктен шығарылғаны анықталды.
Медеу ауданы прокуратурасының талабы негізінде сот мәмілелерді жарамсыз деп танып, жалпы құны 300 млн теңгеден асатын активтер мемлекетке қайтарылды.
Мемлекеттік меншік мүддесін қорғау жұмысы ерекше бақылауда тұр және жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.01.2026, 16:11 4826
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры қызметіне Тұрар Әлімжан Қамбарұлы тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Тұрар Әлімжан Қамбарұлы - "Болашақ" бағдарламасы аясында Ұлыбританиядағы University of Southampton университетін "электроэнергетика" мамандығы бойынша тәмамдаған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігнің баспасөз қызметінен.
Еңбек жолын "KEGOC" АҚ-да жабдықтарды жөндеу жөніндегі электросілесір болып бастап, кейін құрылыс саласында және мемлекеттік қызметте жалғастырған.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінде бас маман қызметінен бастап, Электроэнергетиканы дамыту департаментінде басшылық лауазымдарға дейін қызмет атқарды. Осы кезеңде жылу және электр энергетикасы салаларын трансформациялау жөніндегі реформаларды үйлестірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.01.2026, 14:56 4416
Алматы крематорийі алдағы күндері жұмысын бастайды
Сурет: depositphotos
Достарға айту
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жерлеудің және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы тіркелгенін хабарлайды.
Қабылданған өзгерістер крематорийлердің қызметі үшін құқықтық негізді қалыптастырады және Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет заңнамалық деңгейде кремациялау рәсімін жүргізуді бастауға мүмкіндік береді.
Бұйрық күшіне енгеннен кейін Алматы қаласының крематорийі өз жұмысын бастайды және санитарлық және құқықтық талаптарды сақтай отырып, белгіленген тәртіппен жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Алматы қалалық патологиялық-анатомиялық бюросының бақылау кеңесі арқылы кремация қызметтеріне прайс-парақты бекіту рәсімі жалғасуда.
Тарифтер мен қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Алматы қалалық патологиялық-анатомиялық бюросының ресми сайтында жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.01.2026, 10:24 5396
Вице-премьер Жаслан Мәдиев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында 2026 жылға арналған цифрлық трансформацияның басым бағыттарын айқындау бойынша өңірлермен жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Әкімдіктермен және жергілікті салалық ұйымдармен бірлесіп, цифрлық даму жоспарлары мен жасанды интеллект шешімдерін енгізуге дайындық деңгейіне салыстырмалы талдау жүргізілуде.
Қарағанды қаласында облыс басшылығы және салалық қызметтермен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірдегі цифрлық трансформацияның серпіні, IT-индустрияның дамуы, сондай-ақ жасанды интеллектіге негізделген шешімдерді экономика мен мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу мәселелері талқыланды.
Талқылаудың негізгі бағыттары телекоммуникациялық инфрақұрылым мен киберқауіпсіздікті дамыту, өңірлік IT-хабтардың әлеуетін арттыру, халыққа қызмет көрсету цифрлық кеңселерін трансформациялау, Smart City жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ экономиканың нақты секторын цифрландыру болды.
Әрбір аталған бағыт бойынша өңірлік ерекшеліктер мен нысаналы көрсеткіштерді ескере отырып, оларды одан әрі дамытуға арналған ұсыныстар мен тәсілдер таныстырылды.
Өңірде қоғамдық қауіпсіздік, көлік, қалалық инфрақұрылым және деректерді басқару салаларында цифрлық жүйелер нақты уақыт жағдайында жұмыс істейді. Вице-премьер қолданыстағы цифрлық жүйелердің қызметімен танысты. Олардың күнделікті тәжірибедегі тиімділігі бағаланып, әлсіз тұстары анықталып, күшейту шаралары белгіленді.
Кездесу қорытындысы бойынша азаматтар үшін ыңғайлы, бизнес үшін тиімді болғаны және үрдістердің ашықтығы басымдыққа алына отырып, 2026 жылға арналған жоспарға енгізілетін нақты міндеттер мен ұсыныстар тізбегі жасақталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.01.2026, 09:52Ақмола облысында әлеуметтік сала мәселелері талқыланды 13.01.2026, 08:51 33762025 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 276 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді13.01.2026, 11:01 2416Қазақ-словен экономикалық дипломатиясының жаңа серпіні13.01.2026, 10:45 1971Жоғары маржиналды дақылдардың егістік алқаптарын ұлғайту стратегиясы 2026 жылы да жалғасады13.01.2026, 10:04 1346Аида Балаева Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
06.01.2026, 20:48 199421Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі07.01.2026, 09:29 178451Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 178331Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады06.01.2026, 20:02 151806Премьер-министр төтенше жағдайларға қарсы күрес және алаяқтықтың заманауи түрлерін анықтау үшін цифрлық құралдарды әзірлеп шығару қажеттігін атап өтті08.01.2026, 10:10 1104062026 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріледі және құқықтық қорғалуы күшейтіледі
17.12.2025, 17:47 232471Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227976Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 226281Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 223271Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 214271Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

