29.09.2023, 13:54 41921

Азиада 2022: елордалық спотшы екі дүркін қола жүлдегер атанды

Азиада 2022: елордалық спотшы екі дүркін қола жүлдегер атанды
Сурет: gov.kz
Астана қаласының спортшысы Әділбек Мусин Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында жүзуден екінші медальды қанжығасына байлады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Әділбек Мусин 50 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен суға жүзуден 23,44 секунд уақыт көрсеткішін көрсетіп, үшінші орын иеленді.

Су спорты федерациясының президенті Андрей Крюков Ханчжоуда өткен Азия ойындарында сәтті өнер көрсете білген Әділбек Мусинді құттықтады.

Алтын медальға кішкене ғана жетпей қалды, ештеңе етпейді, жұмыс істейтін боламыз. Әділбек күн өткен сайын көрсеткішін жақсартып, соған сәйкес нәтижесі де дәйекті түрде жақсарып келеді. Командамыз жас және резерв тарапынан жақсы потенциал барын байқап отырмыз", - деді ол.


Айта кетерлігі, ол кеше ғана 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 51.98 уақыт көрсеткішімен үшінші болып келген еді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны