02.03.2018, 19:55 7031

Қазақстанда спортты дамытуға 5 млрд теӊге көлеміндегі алғашқы транш аударылды

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры" корпоративтік қоры арасында жасалған үшжақты келісім шеӊберінде 5 млрд теӊге көлеміндегі алғашқы транш ағымдағы жылдыӊ 13-ақпанында жасалды

Астана. 2 наурыз. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры" корпоративтік қоры арасында жасалған үшжақты келісім шеӊберінде 5 млрд теӊге көлеміндегі алғашқы транш ағымдағы жылдыӊ 13-ақпанында жасалды. Аталған құжатқа сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамынан бөлінген қаражаттыӊ Корпоративтік қор тарапынан мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуге жауапты.

Келесі транш Корпоративтік қордыӊ алдын ала өтінімі бойынша әр тоқсан сайын жасалатын болады.

Осылайша, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" акционерлік қоғамы ҚР-ныӊ спорттағы жоғары жетістіктері мен ұлттық спорт түрлерін қаржыландыруды тоқтатқан жоқ.

"Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Жұртшылықпен байланыс департаменті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны