12.07.2017, 16:04 6559

Қызылорда облысында биыл бірнеше спорт кешендерініӊ құрылысы басталды

Мысалы, 3 жылда 9 спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл облыстық бюджеттен Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еӊбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендерініӊ құрылысы басталды

Қызылорда. 12 шілде. Kazakhstan Today - Соӊғы жылдары Қызылорда облысында өӊір спорты айтарлықтай табысқа жетіп, салауатты өмір салтын ұстанып, денешынықтырумен айналысатындар қатары артуда.

Мысалы, 3 жылда 9 спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл облыстық бюджеттен Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еӊбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендерініӊ құрылысы басталды.

Көшедегі спорттық құрылымдарға қолжетімділікті арттыру мақсатында Ұлттық Олимпиадалық Комитетініӊ қолдауымен Қызылорда қаласынан 4 стрит воркауд алаӊдарын салу жоспарланған болатын. Бүгінде орталық алаӊ маӊындағы алаӊ құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.

Орталық стадионныӊ қосалқы футбол алаӊы қайта жаӊғыртудан өткізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеӊберінде Қызылорда қаласы мен аудандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды спорт түрлерінен қолдау мақсатында 8 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып келеді. Бұл мақсатқа 65,5 млн.теӊге қаралған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны