25.06.2021, 23:14 17469

Мәдениет және спорт министрлігі велошабандоз Винокуровтың жұмыстан шығарылуына қатысты түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН. 25 МАУСЫМ - Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі "Астана" командасында Александр Винокуровпен болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрлігі Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал шабандоз Александр Винокуровтың арасындағы жайдан бейхабар.

Еліміздегі спорт саласына жауапты мекеме болғанына қарамастан Министрлікке бұл ауыс-түйіс жайлы хабарланбады. Мәдениет және спорт министрлігін бұл жайт қатты алаңдатады.

Қазір "Астана" Президенттік спорт клубы мен оның қатарындағы барлық құрылымды Мәдениет және спорт министрлігіне беру процесі жүріп жатыр.

Жақын арада барлық процесс аяқталған соң Astana-Premier Tech велокомандасында болған жайтқа қатысты құқықтық баға беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны