25.10.2025, 15:08 48681

Премьер-министр Олжас Бектенов үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогына арналған халықаралық турнирді ашты

Премьер-министр Олжас Бектенов үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогына арналған халықаралық турнирді ашты
Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің кубогына арналған халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Өз сөзінде ол бұқаралық спортты дамытуға және осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аудартты.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Үстел теннисі бұқаралық спорт қозғалысын қалыптастыруға және саламатты өмір салтын насихаттауға елеулі үлес қосады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.


Қазақстанда бүгінде 260 мыңнан астам адам үстел теннисімен тұрақты түрде айналысады. Ал салада 10 мыңнан астам кәсіби спортшы және 400-ге жуық жаттықтырушы жұмыс істейді.

Бүкіл республика бойынша 20 өңірлік федерация бар, 12 заманауи үстел теннисі орталығы, 30 жаңа бөлімше және 35 мамандандырылған зал ашылған.

Қазақстандық спортшылар халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетуде. Соңғы екі жылда олар 85 медаль жеңіп алды, оның ішінде 31-і алтын алқа. Олардың арасынан Олимпиада ойындарының қатысушысы Кирилл Герасименконы, жастар арасындағы әлем чемпионы Алан Құрманғалиевті, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары Зәуреш Акашева және Сарвиноз Миркадироваларды ерекше атай кету керек.

2023 жылы Астанада алғаш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өткен болатын. Енді 2027 жылы Қазақстанда әлем чемпионатын өткізу жоспарланып отыр.

Премьер-министр Президент Кубогына арнап турнир өткізу отандық спортты әлемдік деңгейге көтеру мақсатындағы маңызды қадам екенін және мұнда Қазақстан мен шет елдердің мықты теннисшілері бас қосатынын атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны