17.12.2021, 15:19 41821

Төрт құрлық чемпионатында қазақстандық конькиші алтын медальға ие болды

Төрт құрлық чемпионатында қазақстандық конькиші алтын медальға ие болды
Сурет: Ұлттық олимпиадалық комитет

НҰР-СҰЛТАН. 17 ЖЕЛТОҚСАН - Дмитрий Морозов конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионаты өтуде. Аталған сында қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп жатыр.

1500 метрге жарысуда қазақстандық Дмитрий Морозов алтын жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 1:33.45 секундта жүгіріп өткен.

Күміс және қола жүлдені Канада мен Оңтүстік Корея спортшылары иеленді. Жарыс айдынына шыққан тағы бір қазақстандық спортшы Демьян Гаврилов 7-ші сатыда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны