11.01.2022, 11:41 16181

Президент Смайыловты Премьер-Министр лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Смайыловты Премьер-Министр лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
Сурет: baigenews.kz
НҰР-СҰЛТАН. 11 ҚАҢТАР - Әлихан Смайыловты тағайындау туралы Жарлықты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың кандидатурасын Премьер-Министр қызметіне ұсынған болатын. Мәжіліс депутаттары кандидатураны қолдады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Әлихан Смайылов 5 қаңтарда Премьер-Министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
 
Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 
 
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған. 
 
1996 жылы — ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды. 
 
1993–1999 жылдары — "А-Инвест" инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған. 
 
1999–2003 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы. 
 
2003–2006 жж. — ҚР сыртқы істер вице-министрі, "Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы" АҚ басқарма төрағасы. 
 
2006–2009 жж. — ҚР қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" ҰБХ президенті. 
 
2009–2014 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы. 
 
2014–2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы. 
 
2015–2018 жж. — ҚР Президентінің көмекшісі. 
 
2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін — Қаржы министрі. 
 
2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды. 
 
2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды. 
 
2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны