15.04.2022, 17:13 36371

Күзде Қазақстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығулары өтеді

Оқу-жаттығулар "Мәтібұлақ" полигонында өтеді.
НҰР-СҰЛТАН. 15 СӘУІР - Ағымдағы жылдың күз айларында Қазақстан Республикасында "Мәтібұлақ" полигонында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы әскерлерінің бірқатар арнайы оқу-жаттығуларын өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Қорғаныс министрлігінің деректері бойынша, ҰҚШҰ әскерлері (ұжымдық күштері) материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің "Эшелон – 2022", барлау күштері мен құралдарының "Іздестіру – 2022" арнайы оқу-жаттығулары мен ҰҚШҰ жедел ден қою ұжымдық күштерінің "Өзара іс-қимыл – 2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу жоспарланған.
 
14 сәуірде бейнеконференциялық байланыс режимінде өткен кеңесте ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер бас штабтарының бастықтары ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын нығайтуға және дамытуға бағытталған уағдаластыққа қол жеткізді.
 

Кеңес барысында ұйымның жауапкершілік аймағындағы әскери қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ дағдарысқа ден қою тетіктерін жетілдіру және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштері авиациясының халықаралық ұшуларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Тараптар 2022 жылы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын бірлесіп даярлау іс-шараларын өткізу жоспарын мақұлдады", - делінген ведомство хабарламасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны