27.10.2022, 13:41 10626

ТМД елдері бір-біріне қашқын сыбайлас жемқорларды беруге келісті

Келісім жобасын мемлекетішілік және мемлекетаралық келісу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.
Астана. 27 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылы 26 қазанда бейне-конференция форматында құрамына Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы кіретін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (Кеңес, СЖҚІМАК) 7-отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
 
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, жыл бойы Агенттік Кеңеске қатысушы елдердің құзыретті органдарымен және ТМД-ның Атқарушы комитетімен бірлесіп, 2008 жылы әзірленген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісім жобасын мемлекетішілік және мемлекетаралық келісу бойынша үлкен жұмыс жүргізді, ол бойынша консенсусқа және өзара қолайлы редакцияға қол жеткізілді.
 

2022 жылы 14 қазанда Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері Басшылары Кеңесінің кезекті отырысы өтті, оның шеңберінде мемлекет басшылары аталған Келісімге қол қойды, оны Кеңес қызметінің құқықтық негізі деп тануға болады", - деп атап өтті Антикор.

 
Келісімнің қолданылуы құқық бұзушылықтармен күресте ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында келісілген саясатты әзірлеуге және жүргізуге ықпал ететін болады, атап айтқанда:
 
  • сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетілетін;
  • сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша үйлестірілген және келісілген жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар жүргізілетін;
  • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды іздестіру, ұстау және ұстап беру, сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді қайтару саласында ынтымақтастықты жүзеге асырылатын;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық жүйелер құрылатын және пайдаланылатын;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық стратегиялары, бағдарламалары мен жоспарлары әзірленетін;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен алмасу жүзеге асырылатын;
  • кадрлардың біліктілігі арттырылатын және т.б. жүзеге асырылатын болады.
 
СЖҚІМАК отырысы барысында тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қатысушы мемлекеттердің тәжірибесін қарады, сондай-ақ заңсыз баю және сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру туралы қылмыстарды тергеу кезінде халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.
 
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Олжас Абайұлы Бектеновтің Қазақстан Республикасының атынан Кеңеске төрағалық еткендігін атап өту қажет. Отырыс қорытындысы бойынша СЖҚІМАК шешімімен Кеңесте кезекті отырысқа дейінгі кезеңге төрағалық ету Қырғыз Республикасына берілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны