19.04.2023, 13:56 61236

Президент тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саясатын қайта қарауды тапсырды

Президент тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саясатын қайта қарауды тапсырды
Сурет: Depositphotos
Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын заңмен күшейту керек, отбасы құндылықтарын дәріптеу ісіне ерекше көңіл бөлген жөн

Астана. 19 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметпен өткен кеңесте тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саясатын қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

Тағы бір назар аударатын мәселе - жас ұрпақтың қауіпсіздігі. Балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кетті. Мұндай оқиғалар мектепте, көшеде, тіпті, үйде болып жатыр. Сорақы жағдайлар оқушылардың өзіне қол жұмсауына себепкер болып отыр. Тіпті ата-аналардың өздері баласына қорлық көрсетіп, оның арты қайғылы жағдайға ұласып жатады. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы әлсіз. Жауапты мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметі ойдағыдай нәтиже берген жоқ. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саясатын қайта қарауымыз керек", - деді Президент.


Оның айтуынша, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын заңмен күшейту керек. Отбасы құндылықтарын дәріптеу ісіне ерекше көңіл бөлген жөн.

Тағы да ескертемін, біз қоғамдағы, көшедегі, тіпті әр үйдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етпесек, дамыған елдердің қатарына қосылуымыз қиын болады. Азаматтарымыз еркін жүріп-тұратын қауіпсіз қоғам құруымыз қажет", - деп атап өтті Тоқаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны