10 қаңтар - Қазақстанның Ішкі әскері құрылған күн
Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. 10 қаңтар - Қазақстанның Ішкі әскері құрылған күн, биыл оған 22 жыл, деп хабарлайды Kazakhstan today мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміз бен қоғамымыз үшін Ішкі әскерлердің маңыздылығын ескеріп, 1992 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанның Ішкі әскерін құру туралы жарлыққа қол қойған болатын.
"Сол кезден бастап Ішкі әскерлер жауынгерлері өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Атаулы датаға орай 10 қаңтар күні Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің құрылғанына 22 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтеді.
Шараның ресми бөлігінде аға буын дәстүрін жалғастырушы - қызметтік міндеттерін адал орындап жүрген бірқатар офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымов пен Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы генерал-майор Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен наградалар тапсырылады,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бұдан кейін Искери ант қабылдау рәсімдері 6636 және 3660 әскери бөлімдерінде өтеді.
"Елді, Отанды қорғау, әскерге келген жауынгер сарбаздардың міндеті. Ішкі әскер - тәуелсіздіктің тірегі, ел тыныштығының қорғаны. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен әскер қатарына шақырылған жастар Ішкі әскерлер қатарына қосылып жатады. Бұл орайда Отан қорғаушыларға жүктелген міндет зор. Сондықтан, Ішкі әскер қатарына қосылғалы отырған жас сарбаздардың қиын да күрделі әскери қызметті адал әрі жауаптылықпен орындауға әрдайым даяр болу керек екендігі өмір қағидаты болып табылады.
Ішкі әскердің Елорда гарнизонына қарасты 6636 және 3660 әскери бөлімдерінің жас сарбаздары салтанантты түрде әскери ант қабылдайды. Ішкі әскерге былтырғы күзде шақырылған және жас сарбаз курсынан өткен төрт жүзге жуық жауынгер Отанға және халыққа әрқашан адал болуға ант етіп, Ішкі әскердің толыққанды жауынгері атанады",- делінген хабарламада.
Салтанатты шараға Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы, Астана әкімдігі, діни ұйымдар өкілдері мен Ішкі әскерлер ардагерлері, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген сарбаздардың туған туыстары мен оқушылар қатысады.
Негізгі шара соңында жас сарбаздар салтанатты шерумен жүріп өтеді.
Мерекелік шаралар кешкі сағат 19.00-де "Қазақстан" орталық концерт залында өтетін дәстүрлі Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің орталық оркестрі мен ән-би ансамблінің алтыншы гала-концертімен аяқталады.
Концерттік шараға Үкімет мүшелері, депутаттар, Ішкі істер Министрлігі орталық аппаратының басшылары, Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы, Ішкі әскерлер ардагерлері, министрліктер мен ведомстволардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, Ішкі әскердің елорда гарнизонының әскери қызметшілері шақырылған.
Концерттік бағдарламада Естай Мұқашев, Мұрат Ерғазиев, Маржан Арапбаева, Еділ Құсайынов, Ғайни Жұмашева т.б. еліміздің танымал әншілері ән шырқайды. Концерт жетекшісі - Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері полковник Рахметжан Шамұратов.
Астаналық қонақтар мен тұрғындарға патриоттық рух пен ұрпақтар сабақтастығы тақырыбында өзектелген майдан және әскери әндері, эксклюзивті, мұқият ойластырылған "Қазақстан менің жүрегімде!" атты концерттік бағдарлама ұсынылады. Көрермендер қазіргі эстрадалық әндер мен қатар әлем халықтарының билерін тамашалап, әндерін тыңдайды. Сондай-ақ осы ғимарат ішінде Ішкі әскердің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеті туралы фотокөрме қойылады.
тақырып бойынша жаңалықтар
Мемлекет басшысы "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстады
Сіздер ел тыныштығын қырағы қорғап, тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып жүрсіздер. Қоғамда "Заң мен тәртіп" және әділдік қағидатын орнықтыру үшін табанды еңбек етіп келесіздер. Жұмыстарыңыз - оңай емес, күрделі. Соған қарамастан кәсіби білікті, жауапкершілігі жоғары маман ретінде елімізге адал қызмет етіп жатсыздар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Мінсіз қызмет қашанда жоғары бағалануға тиіс. Мемлекет өздеріңіз сияқты өз ісіне адал азаматтарды әрдайым қолдайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ашық диалог: Шығыс Қазақстан басшылығы тұрғындармен кездесті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов Президент атынан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына мемлекеттік наградалар табыс етті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін спорт ғимараттарын салуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сурдлимпиада ойындары біздің еліміздегі сурдлимпиада қозғалысының тұрақты дамып келе жатқанын айғақтайды. Бұл спорттық ұйымдардың, жаттықтырушылардың сондай-ақ, өз еңбегімен болашақ жеңістерге берік негіз қалайтын спортшылардың үйлесімді және тынымсыз жұмысының нәтижесі. Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет кәсіби және бұқаралық спортты дамыту, спортшыларды қолдау бойынша жұмыстар жүргізуде, жаңа инфрақұрылым нысандары салынуда. Жүйелі және уақтылы шаралар жалпы жетістікті арттыруға және бүкіл спорт саласын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Барлық спортшы мен жаттықтырушының атынан Қазақстан Президентіне сурдлимпиада спортшыларына көрсеткен үлкен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Біз Сурдлимпиада ойындарында 1997 жылдан бері өнер көрсетіп келеміз. Қазақстан үшін алтын медальді бірінші болып жеңіп алғаным есімде. Осы жылдар ішінде өте үлкен жұмыстар атқарылды. Жапониядағы ойындар біздің еліміз үшін жетістікке толы болды. Біз алғаш рет көп медаль иелендік. Осы дәстүрімізді әрі қарай жалғастырамыз", - деді ҚР Ұлттық Сурдлимпиада құрамасының жеңіл атлетикадан жаттықтырушы Максим Рожков.
Бүгінгі таңда ауқымды жұмыстар атқарылды. Біз осы Сурдлимпиада ойындарында жоғары деңгейде өнер көрсеттік, нәтижесінде осындай марапаттар мен жеңістерге қол жеткіздік. Елімізге, Президентке үлкен рахмет. Мен өзімнің қола медалімді Мемлекет басшысына арнағым келеді", - деді үстел теннисінен ұлттық құрама команданың аға жаттықтырушысы Серік Данияров.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Сенат депутаттары "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заң жобасын мақұлдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент тапсырмасы бойынша Балқаштағы медициналық мекемелерді салуға және жаңғыртуға 7,5 млрд теңге бағытталды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда әлеуметтік саланы дамытудың басым бағыттары айқындалды
Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуы тиіс. Цифрландыру мен жасанды интеллектінің белгілі бір қиындықтарымен қатар, артықшылықтары да бар. Біз осы артықшылықтарды, ең алдымен, жұмыс үдерістерін оңтайландыру үшін пайдалануымыз керек. Тіпті кей цифрлық жүйелер мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы жалған тіркелген азаматтар мәселесінің ауқымын көрсетті. Біз барлығын бірдей айыптағымыз келмейді, бірақ жүйеге және жалпы мұғалімдер қауымына кедергі келтіріп отырған басқарушылар бар", - деді Аида Балаева.
Әр медициналық ұйымға толық талдау жүргізілуі қажет. Соның ішінде Алматы қаласы ерекше бақылауда болады. Қалада үш миллионға жуық адам тұрады, медициналық мекеме сапалы қызмет көрсетуге міндетті. Мамандарды жалған тіркеу мен есепті бұрмалауға жол бермес үшін денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру маңызды", - деді Аида Балаева.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.12.2025, 21:24Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды 22.12.2025, 18:58 67386Huawei Қазақстанда ICT академиялары үшін марапаттау рәсімін өткізді22.12.2025, 18:40 64431Словениядағы "Лука Копер" порты - Азия мен Еуропа арасында және Орта дәліздің әлеуетті транзиттік серіктесі23.12.2025, 20:50 63941Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына бейілділігін растады23.12.2025, 19:29 58546Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
15.12.2025, 23:30 225176Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222166Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті17.12.2025, 17:47 217106Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 216191Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 22:01 213156Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

