19.05.2021, 23:35 10629

ІІМ арнайы пошта құру үшін бюджет шығындарын 16,8 млн теңгеге арттырады

Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс маңызды хаттар мен жүктерді қауіпсіз жеткізу үшін жұмыс істейтін болады.

НҰР-СҰЛТАН. 19 МАМЫР - Бүгінгі отырыста Мәжіліс депутаттары "Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы" заң жобасын I оқылымда ілеспе түзетулерімен мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасы фельдъегерлік байланыс саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді.

Оның негізгі ережелері: фельдъегерлік байланыстың міндеттері мен қағидаттарын заңнамалық бекітуге, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет (МФҚ) қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін айқындауға, МФҚ қызметкерлерінің құқықтық жағдайын регламенттеуге, МФҚ қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін белгілеуге бағытталды.

Құжатты қабылдау қызметтің құқықтық, ұйымдық негіздерін және МФҚ қызметкерлерінің мемлекеттік органдармен жедел өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны