02.04.2014, 20:42 3029

2014 жылдың сәуір айында Астанада ҚР мен Бахрейн Корольдігінің іскер орталарының қатысуымен бизнес-форум өтеді

2014 жылдың 13-14 сәуірінде Астанаға Бахрейн Корольдігінің шейхы Хамад бен Аль Халифа ресми сапармен келеді. Осы күндері ҚР мен Бахрейн Корольдігінің іскер орталарының қатысуымен бизнес-форум өткізу жоспарланған.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылдың 13-14 сәуірінде Астанаға Бахрейн Корольдігінің шейхы Хамад бен Аль Халифа ресми сапармен келеді. Осы күндері ҚР мен Бахрейн Корольдігінің іскер орталарының қатысуымен бизнес-форум өткізу жоспарланған.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің хабарлауынша, 214 жылдың 31 наурызында ҚР ИЖТМ жауапты хатшысы Бейбіт Атамқұлов пен Бахрейн Корольдігі Индустрия және коммерция министрінің орынбасары Надер Халил Ибрагим Альмоедтің кездесуі өткен болатын.

Кездесу барысында Бейбіт Атамқұлов қазақстандық экономика саласының басымдылықтары туралы мәлімет беріп, соның ішінде Қазақстанның арнайы экономикалық аймақ аумағында өндіріс ашу мүмкіндіктерін қарауды ұсынып, сонымен қатар қолданыстағы жеңілдіктер мен преференцияларға кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Бахрейннің инвестиция, исламдық қаржыландыру, өнеркәсіп пен сауда саласындағы әріптестікке жайлы жағдай жасау мүмкіндіктерін белгіледі. Осы орайда бахрейндік экономиканың негізгі әлеуеті болып табылатын алюминийлік, мұнай өңдеу мен туристік саланың басым бағыттарына көңіл аударылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы мен Бахрейн Корольдігі (2002 жылдың 14 ақпанына дейін Бахрейн Мемлекеті) арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 28 мамырында орнатылған еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны