03.02.2014, 21:49 5585

2014 жылы әуе кемелері 14 жаңа ұшақпен толығады - А.Жұмағалиев

"Ағымдағы жылы азаматтық авияция саласындағы жұмыстардың барлығы Қазақстанда ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының аудитін сәтті өткізуге бағытталады. Сонымен бірге, Астана халықаралық әуежайындағы жолаушылар терминалын қайта жөндеуден өткізу және Орал мен Петропавл әуежайындағы ҰҚЖ жөндеу жұмыстарын бастау көзделген", - деді отырыс барысында А.Жұмағалиев.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда ағымдағы жылы әуе кемелері 14 ұшақ жаңартылады, оның 4 магистралды ал, 10 аймақтық балып табылады. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сағынтаевтың қатысуымен өткен коллегияда ведомство басшысы А. Жұмағалиев мәлім етті.

"Ағымдағы жылы азаматтық авияция саласындағы жұмыстардың барлығы Қазақстанда ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының аудитін сәтті өткізуге бағытталады. Сонымен бірге, Астана халықаралық әуежайындағы жолаушылар терминалын қайта жөндеуден өткізу және Орал мен Петропавл әуежайындағы ҰҚЖ жөндеу жұмыстарын бастау көзделген", - деді отырыс барысында А.Жұмағалиев.

Сондай-ақ, 2014 жылы Астаны, Алматы мен Ақтау қалаларында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету бойынша жүйені енгізу жоспарланған.

"Жаңа бағдарларға келсек, олардың 13-ін ашу жоспарланып отыр. Бүдан басқа, 2014 жылы әуе кемелерінің паркі 14 ұшақпен жаңартылады, олардың 4-і магистральдік және 10-ы аймақтық. Сонымен қатар, Қазақстанның Алматы, Астана және басқада қалаларымен байланысты болатын 15 халықаралық бағытты ашу жоспарланған. Жалпы бүгінде, әуе рейстерінің 84% батыстық үлгіде", - деп миинстр өз ойын толықтырды.

ҚР ТКМ хабарлауынша, 2013 жылы халықаралық әуе хабарламалары көбейіп, 15 жаңа халықаралық әуемаршруттары қосылған. Ал, әуекемелері паркіне тоқталатын болсақ, өткен жылы 13 жаңа еуропалық өндірістің ұшағы сатып алынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны