09.10.2012, 19:04 3395

2020 жылға дейін тиімсіз пайдаланылып келген 6,8 млн. гектар жер ауыл шаруашылығында айналымға енеді

Оның айтуынша, агроөнеркәсіп кешені үшін тауарлар мен қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, терең өңдеу салаларында мемлекеттік қолдау шаралары жалғасатын болады.

Астана. 9-қазан. Kazakhstan Today - 2020 жылға дейін тиімсіз пайдаланылып келген 6,8 млн. гектар жер ауыл шаруашылығында айналымға енеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі Іскерлік кеңесінде ведомство жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті.

Оның айтуынша, агроөнеркәсіп кешені үшін тауарлар мен қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, терең өңдеу салаларында мемлекеттік қолдау шаралары жалғасатын болады.

"Жалпы жобалар аясында қарастырылған мемлекеттік қолдау тетіктері агроөнеркәсіп субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін артыру үшін оңтайлы жағдайлар қалыптастырады. Бұның өзі еліміздің ДСҰ-ға кіруі қарсаңында аталған салаға жасалған үлкен қолдау болары сөзсіз", - дейді Е. Аман.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны