20.05.2025, 10:23 41381

2024 жылы Қазақстанда босану кезінде білікті көмекпен қамтамасыз ету рекордтық 99,9%-ға жетті

2024 жылы Қазақстанда босану кезінде білікті көмекпен қамтамасыз ету рекордтық 99,9%-ға жетті, деп хабарлайды Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.

2024 жылдың қорытындысы бойынша дәрігерлер тапшылығы 19%-ға, ал орта медицина қызметкерлері тапшылығы 7%-ға төмендеді. Алайда мамандарды қала мен ауыл арасында бөлудің әркелкілігі сақталып келеді.

2023 жылы 92 жаңа алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынып, 1 600-ден астам жұмыс орны ашылды, ал заманауи техникамен жабдықталу 86,7%-ға дейін өсті. Жеңілдетілген кредиттерден басталып көтерме жәрдемақыларға дейін қосымша қолдау шаралары өңірлерге мамандарды тартуға және денсаулық сақтау саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге көмектеседі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны