20.02.2026, 09:53 651

Софья Самоделкина елдік есепте жаңа рекорд орнатты  

Софья Самоделкина елдік есепте жаңа рекорд орнатты
Сурет: Сали САБИРОВ, ҚР Туризм және спорт министрлігі
Мәнерлеп сырғанаудан Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпия ойындарында әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды. Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина өз мансабындағы рекордтық ұпайын жинап, 10-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Мұз айдынына он үшінші болып шыққан Софья Самоделкина өз қойылымын мінсіз орындап, 138.99 ұпай еншіледі. Ал қос бағдарламаның қорытындысы бойынша, отандасымыз 207.46 ұпаймен жеке мансабындағы ең үздік көрсеткішін тіркеді.

Софья бұған дейінгі рекордтық ұпайын 2021 жылы (205.67 ұпай) алған еді.

Жүлдегерлер:

  • 1-орын. Алиса Лю (АҚШ) - 226.79 ұпай (жеке рекордын жаңартты)
  • 2-орын. Каори Сакамото (Жапония) - 224.90 ұпай
  • 3-орын. Ами Накаи (Жапония) - 219.16 ұпай

10-орын. Софья Самоделкина - 207.46 ұпай

Айта кетейік, қысқы Олимпиаданың тарихында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында тек 2018 жылы ғана Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова өнер көрсеткен. Элизабет Тұрсынбаева сол Ойындарда 12-орынға тұрақтаған болатын.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны