16.11.2022, 14:04 15801

Алматы маңында 28 сейсмостанция орнатылады

Тоқаев қалада төтенше жағдайлар туралы сөйлеу хабарламаларын беру мүмкіндігімен ықпалдастырылған хабарлау жүйелерінің жұмысын жолға қою керек екенін айтты.
Алматы. 16 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы жұртшылығымен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға қарай 28 сейсмостанцияны орнатуды аяқтауды, содан кейін оларды Қырғызстанның ерте хабарлау жүйесімен біріктіруді тапсырды.
 
Алматы үшін жер сілкіністерін дәл болжау және олар туралы ерте хабарлау өте маңызды, деді Мемлекет басшысы.
 

2025 жылға қарай 28 сейсмостанцияны орнатуды, содан кейін оларды Қырғызстанның ерте хабарлау жүйесімен біріктіруді тапсырамын. Сонымен қатар, қалада төтенше жағдайлар туралы сөйлеу хабарламаларын беру мүмкіндігімен ықпалдастырылған хабарлау жүйелерінің жұмысын жолға қою керек. Бұл жұмыста үлкен деректерді пайдалану керек", - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

 
Ол үшін әкімдік ахуалдық орталықтың қызметін толыққанды іске қосуы қажет. Ол бейнебақылау жүйелерінің, жол трафигінің, қоңырау белсенділігінің, әлеуметтік инфрақұрылымның деректерін жинақтайды.
 
Президент қаланың "цифрлық егізін" құру идеясы ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи үрдістерге және үздік халықаралық тәжірибелерге жауап беретінін атап өтті.
 

Қыркүйек айындағы Жолдауымда мен әр қала бойынша жер учаскелерінің функционалдық интерактивті карталарын және коммуналдық желілердің схемаларын жасауды тапсырдым. Алматыда бұл тапсырма "цифрлық дубльді" дамыту және қаланың Бас жоспарын түзету аясында жүзеге асырылуда. Бұл жобалар бір-бірімен байланыста жүзеге асырылатын жүйелік тәсілдің жақсы мысалы. Бұл, тұтастай алғанда, менің жақын болашақтағы қаланы дамытудың негізгі басымдықтары туралы көзқарасым", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
Президент атап өткендей, бүгінде көрсетілген барлық тапсырмалар мен жобалар, ең алдымен, алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, экономикалық әлеуетті күшейтуге және қаланың тартымдылығын арттыруға бағытталған.
 
Мемлекет басшысы бұл міндеттерді іске асыру өзінің ерекше бақылауында болатынын айтты.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны