04.05.2021, 21:37 12154

Қазақстан Президенті Тәжікстанға ресми сапармен барады

Өңірлік кооперацияны жандандыруға, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады.
НҰР-СҰЛТАН. 4 МАМЫР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылғы 19-20 мамырда президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
 

Сапар барысында екі мемлекет басшыларының шағын және кеңейтілген форматтағы кездесулері жоспарланған. Келіссөздердің күн тәртібіне саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды арттыруға баса назар аудара отырып, қазақ-тәжік стратегиялық әріптестігін дамыту мәселелері енгізілді. Өңірлік кооперацияны жандандыруға, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады", - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны