03.06.2021, 19:03 12032

Қазақстан мен Ауғанстан әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр

Құжатқа қол қою қорғаныс саясаты, әскери ғылым және білім, әскери медицина, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жауынгерлік даярлық, әскери барлау және басқа да бағыттарда әскери ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
НҰР-СҰЛТАН. 3 МАУСЫМ - Қорғаныс министрлігі "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Құжат екі елдің үкіметтері арасындағы келісімге қол қою жөніндегі мемлекет ішілік рәсімдерді жүргізу үшін дайындалды. Жобаның мақсаты екі жақты әскери ынтымақтастықты орнату және дамыту үшін құқықтық негіз құру болып табылады", - деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

 
Құжатқа қол қою қорғаныс саясаты, әскери ғылым және білім, әскери медицина, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жауынгерлік даярлық, әскери барлау және басқа да бағыттарда әскери ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны