09.08.2021, 13:15 6912

Қарағанды облысында шенеунік той ұйымдастырғаны үшін жұмыстан босатылды

ҚАРАҒАНДЫ. 9 ТАМЫЗ - Қарағанды облысында карантин кезінде той жасаған шенеунік жұмыстан босатылды. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте айтты. 
 

Бүгінгі күннен бастап жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мұқатайұлы Мақсұтов карантинді өрескел бұзу, яғни пандемия кезінде той ұйымдастыруына байланысты қызметінен босатылды. Тағы да ескертемін, мұндай заңсыздықтар үшін жаза өте қатал болады. Мұнда мемлекеттік қызметшінің қызметтік этикасының барлық нормалары бұзылған", - деді облыс әкімі. 

 
Жеңіс Қасымбек сондай-ақ мониторингтік топ мүшелерін принциптілікке шақырды. 
 

Сіздер біреудің мүддесі үшін жұмыс істеу үшін емес, азаматтардың денсаулығын қорғау үшін құрылған топсыздар! Осындай іс-шараларды тоқтатып, жария етіңіздер. Сіздер өздеріңіз бақылау камераларына қарай отырып жұмыс істейтіндеріңізді айтқан болатынсыздар. Сондықтан мұқият қараңыздар. Салынған тыйым барлығына бірдей", - деп атап өтті облыс әкімі. 

 
Оқиға 7 тамызда болған. Той болып жатқан мейрамханаға Қарағанды қаласының полиция, санэпидбақылау және әкімдік қызметкерлерінен тұратын мобильді топ шықты. Мекеменің жанында көптеген көліктер болғандықтан және мейрамхананың өзінде 500-ге жуық адам болғандықтан, аумақты қоршау үшін полицияның қосымша наряды шақырылды. Сондай-ақ, 500 адам жинап той өткізген шенеунік қызметінен босатылуы мүмкін екені туралы да айтылды. 
 
Айта кетейік, Қарағанды облысы "қара-қызыл" аймақта орналасқан. Өңірде күн сайын Covid-19 жұқтырудың мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен шектеулер күшейтілді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны