26.10.2021, 19:10 42289

Мамин климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясында қазақстандық делегацияны басқарады

Жиын Шотландияның Глазго қаласында өтеді.
НҰР-СҰЛТАН. 26 ҚАЗАН - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин климаттың өзгеруі туралы БҰҰ негізгі Конвенциясы тараптары конференциясының алдағы 26-сессиясында қазақстандық делегацияны басқарады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминге COP26 климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі Конвенциясына қол қойған елдер конференциясының 26-сессиясына қатысатын Қазақстан делегациясын басқарып баруды тапсырды", - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

 
Жиын Шотландияның Глазго қаласында өтеді. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны