17.11.2021, 18:00 49620

Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады
Сурет: Ұлттық қорғаныс университеті
НҰР-СҰЛТАН. 17 ҚАРАША - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жаңа орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
 

Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымынан босатылды", - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Тұрарұлы Дәндібаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны