25.11.2021, 17:43 36260

Қазақстанда әскери қызметшілердің дене даярлығы қағидалары өзгерді

ҚР Қорғаныс министрлігі бұйрығының тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында орналастырылған және 2021 жылғы 7 желтоқсанға дейін талқылау үшін қолжетімді.
Қазақстанда әскери қызметшілердің дене даярлығы қағидалары өзгерді
Сурет: pobeda26.ru
НҰР-СҰЛТАН. 25 ҚАРАША - Әскери қызметшілердің дене даярлығы қағидаларына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Қорғаныс министрлігі бұйрығының тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында орналастырылған және 2021 жылғы 7 желтоқсанға дейін талқылау үшін қолжетімді.
 

Аталған өзгерістер бұрын пайдаланылған "сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар), офицерлер құрамы" деген ұғымдарды "қатардағы, сержанттар және офицерлер құрамы лауазымдарына" ауыстыру қажеттілігіне байланысты енгізіледі", - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің сайты.

 
Өзгерістерге сәйкес, дене шынықтыруға бөлінген уақыт:
 
- толық оқу бағдарламасы бойынша айналысатын, мерзімді қызмет бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін – оқу уақытында аптасына 3 сағат, ал қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша – оқу уақытында аптасына 2 сағат;
 
- оқу бөлімдерінің курсанттары үшін – оқу уақытында аптасына 3 сағат;
 
- әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері үшін – оқу-жаттығу сабақтарының кестесі бойынша аптасына 3 сағат;
 
- қатардағылар, сержанттар және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер мен әйел әскери қызметшілер үшін – қызмет уақытында аптасына 3 сағат;
 
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары үшін – оқу-жаттығу сабақтарының кестесі бойынша аптасына 3 сағатқарастырады.
 
Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына түсетін үміткерлер дене шынықтыру дайындығынан үш жаттығу бойынша (белтемірге тартылу, 100 метрге жүгіру, 3 000 метрге жүгіру) емтихан тапсырады.
 
Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны