02.12.2021, 20:01 19490

ҚР Қорғаныс министрлігі: Құрлық әскерлері Әскери институтының 200-ден астам курсанты оқу орнын өз еркімен тастап кетті

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери институтты өз бетімен тастап кеткен курсанттарға қатысты ресми түсінік берді.
ҚР Қорғаныс министрлігі: Құрлық әскерлері Әскери институтының 200-ден астам курсанты оқу орнын өз еркімен тастап кетті
Сурет: ҚР ҚМ
НҰР-СҰЛТАН. 2 ЖЕЛТОҚСАН - ҚР Қорғаныс министрлігі әскери институтты өз бетімен тастап кеткен курсанттарға қатысты ресми түсінік берді.
 
Министрліктің мәліметінше, 2021 жылдың 1 желтоқсанында 18.00-ден кейін Құрлық әскерлері әскери институтының төртінші курсында білім алып жүрген 210 курсант оқу орнын өз бетінше тастап кеткен.
 
Бүгін сағат 09.00-де барлық курсанттар сабақтарында болған.
 
Институт бастығы генерал-майор Дулат Адырбеков курсанттардың институтты өз бетімен тастап кетуін кадрлық тағайындаумен келіспеуден, яғни факультет (курс) бастығының ауысуымен байланысты, сонымен қатар олар бұрынғы басшыны қайтаруды сұрайды деп түсіндірді.
 
Курсанттардың ата-аналарына орын алған жағдай туралы айтылған.
 
Аталған факті бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылық етуімен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы тергеу жүргізуде.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны