21.12.2021, 18:27 73436

Қазақстан мен Ресей газ нарығы мен көлік дәліздерін дамыту саласындағы келісімдерге қол қойды

Құжатқа Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрлері қол қойды.
Қазақстан мен Ресей газ нарығы мен көлік дәліздерін дамыту саласындағы келісімдерге қол қойды
МӘСКЕУ. 21 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөздерінің қорытындысы бойынша "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік маршрутында мотор отыны ретінде табиғи газды пайдаланудың өндірістік-өткізу инфрақұрылымын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Аталған жоба "Бір белдеу-бір жол" бастамасы мен "Нұрлы Жол" жаңа экономикалық саясатын және " Жібек жолының экономикалық белдеуін" салуды ұштастыру жөніндегі ынтымақтастық жоспарына сәйкес келетінін атап өту маңызды. Сондай-ақ, жоба парниктік газдар шығарындыларын дәйекті түрде азайту және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу доктринасы негізінде Көлік секторын декарбонизациялау бойынша Париж және Глазго саммиттерінің мақсаттары мен міндеттерін қолдайды", - деп атап өтті Энергетика министрлігі.

 
Сонымен қатар, келіссөздер қорытындысы бойынша аталған көлік дәлізі мен "Меридиан" автомобиль жолының автожол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2021-2030 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды.
 
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жол картасы қабылданды. 
 
 "QazTrade" АҚ" экспортты ілгерілету жөніндегі қазақстандық оператор "Ресей экспорттық орталығы" АҚ-мен және Ozon маркетплейсімен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты, деп хабарлады ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны