16.02.2022, 18:48 55616

Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың судьясы Арқарованы қызметінен босатуды ұсынды

Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың судьясы Арқарованы қызметінен босатуды ұсынды
Сурет: Pexels
НҰР-СҰЛТАН. 16 АҚПАН - Сенатта Жоғарғы сот судьясын босату мәселесі талқыланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар еліміз Президентінің Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатуды ұсынған кандидатураны талқылады.
 

Сенат комитеті Жоғарғы Соттың судьясы Арқарова Жаңылсын Баянқызын орнынан түсуіне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынымын қарай келіп, Парламент Сенатына оны қызметінен босатуды ұсынған қорытынды шығарды", - делінген хабарламада.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны