18.02.2022, 17:35 45091
ҚР Президенті Архивінің директоры тағайындалды
Сурет: archive.president.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының өкімімен Әлия Құсайынқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры лауазымына тағайындалды", - бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Өз кезегінде, Президент өкімімен Жәмила Әбдіқадырова қызметінен босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
11.05.2026, 13:14 261
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке өңдеу өнеркәсібінде жүргізіліп жатқан негізгі жұмыстар туралы ақпарат берілді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыру және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарына тоқталды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына көлік-логистика инфрақұрылымы мен құрылыс саласын дамыту жайында айтылды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымдық жобалардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, отандық тауар өндірушілерді қолдауды және алдағы жылу беру маусымына дайындық шараларын бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 10:36 67771
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Жеңіс күніне орай Астанадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Шараға қатысушылар соғыс жылдарында қаза тапқан қазақстандық майдангерлерді, тыл еңбеккерлерін және соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жеңіс күні бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын, ұрпақтар сабақтастығы мен татулықты және ел тыныштығын сақтау жауапкершілігін жадымызда жаңғыртатын тарихтағы ең атаулы күндердің бірі болып қала береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 10:26 68276
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады
Достарға айту
Президент Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде миллиондаған отандасымыз жанқиярлықпен шайқасып, аянбай жұмыс істеп, әскерді керек-жарақпен қамтамасыз еткенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қымбатты отандастар!
Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін біз майдан даласында Отан үшін от кешіп, ерлік жасаған жауынгерлерге және тылда табанды еңбек еткен ардагерлерге шынайы ризашылық сезіммен тағзым етеміз. Қасіретті жылдардың барлық ауыртпалығын қайыспай көтеріп, Жеңіске жеткен аға буынға айрықша құрмет көрсетеміз.
Еліміз ортақ Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде миллиондаған отандасымыз жанқиярлықпен шайқасты, аянбай жұмыс істеп, әскерді керек-жарақпен қамтамасыз етті. Жүзден астам жерлесіміз "Даңқ" орденінің толық кавалері атанды, бес жүз адам Батыр атағын алды, ондаған мың азамат жауынгерлік ерлігі және қажырлы еңбегі үшін марапатталды.
Біз аға буынның өшпес даңқын ешқашан ұмытпаймыз. Жаужүрек сардарлар мен сарбаздардың құрметіне мемориалдар орнатылды, кітаптар шығарылып, фильмдер түсірілді, сондай-ақ көшелерге, мектептерге, музейлерге, әуежайларға, әскери бөлімдер мен институттарға ел қорғаған ерлердің есімі беріліп жатыр.
Қаһарман ардагерлеріміздің ерен ерлігінің мән-мағынасын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру - бүгінгі буынның қасиетті парызы. Біз ержүрек майдангерлердің қайтпас қайсарлығы мен асқақ рухының арқасында дербес әрі бейбіт елде өмір сүріп келеміз, сондай-ақ, төл мәдениетімізді дамытып, қазіргі заманның игілігін сезініп отырмыз.
Қазақстанды бүкіл әлем біледі және құрметтейді. Біз жаңа Конституция ережелеріне сәйкес Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ата заңымыз ешкімді ұлтына, наным-сеніміне қарай бөліп-жармайды, барлық азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бірдей қорғайды.
Ұлы Жеңіс күні - ең алдымен, жауынгерлік ерлігі мен жігерлі еңбегінің арқасында мамыражай заманға жеткізген батырларымыздың есімін ел жадында жаңғырту күні. Бұл - ұлан-асыр тойға емес, мәнді әрі мағыналы ойға шақыратын мереке.
Халқымыздың бейбіт өмірге және өсіп-өркендеуге ұмтылысының айқын көрінісі іспеттес көк байрағымыз әрдайым ашық аспан астында желбіресін!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 20:24 116
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру жұмыстары күшейтілуде
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру барысы жөніндегі Денсаулық сақтау министрлігінің есептері тыңдалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ең алдымен, Аида Балаеваға денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау жұмыстары туралы баяндалды. Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов e-Densaulyq бірыңғай архитектурасы аясында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді кезең-кезеңімен біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Негізгі мақсат - бытыраңқы цифрлық шешімдерден бас тартып, деректер бір рет қалыптастырылып, салаға қатысушы барлық тарап қайта енгізусіз пайдалана алатын бірыңғай жүйеге көшу.
Осылайша, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелер 7 негізгі цифрлық компонентке біріктірілуде. Жүйелерді кезең-кезеңімен іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр: жыл соңына дейін Бірыңғай денсаулық сақтау порталын және Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар Бірыңғай медициналық деректер қоймасын енгізу жұмыстары жалғасуда.
Жалпы, Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені іске асыру процестердің ашықтығын қамтамасыз етіп, медицина қызметкерлеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға және саланы басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа архитектураның негізгі элементі Бірыңғай медициналық деректер қоймасы болмақ. Қазіргі уақытта оған 12-ден астам медициналық ақпараттық жүйе қосылған. Соның негізінде пациенттің Электрондық денсаулық паспорты қалыптастырылады. Онда өңіріне немесе медициналық ұйымына қарамастан, пациентке көрсетілген медициналық көмектің толық тарихы жинақталады.
Бұл дәрігер үшін әртүрлі жүйелер арасында ауысып отырмай, "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істеуге жол ашады. Медицина қызметкері пациенттің ауру тарихын, талдау нәтижелерін, тағайындауларды және бұған дейін көрсетілген қызметтерді бір жерден көре алады. Ал пациент үшін бұл медициналық қызмет алу уақытын қысқартып, медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған бірқатар практикалық цифрлық жобалар іске асырылуда. Олардың қатарында жедел медициналық көмек бригадалары мен алғашқы медициналық-санитариялық көмектің мобильді бригадалары үшін смарт-бейнежетондарды енгізу, интеллектуалды бейнеаналитика элементтері бар кешенді бейнебақылау жүйесін құру, дәрілік заттар мен вакциналарды сақтау жағдайын бақылауға арналған "Суық тізбек" жүйесін дамыту, сондай-ақ ауылдық медициналық ұйымдар үшін телемедицина сервистерін кеңейту бар.
Кеңес барысында ауылдық елді мекен тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, алғашқы медициналық-санитариялық көмек инфрақұрылымын дамытуға, орталық аудандық ауруханаларды жаңғыртуға және саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған Ұлттық жобаны іске асыру нәтижелері де қаралды.
Бүгінде жоспарланған 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысанының құрылысы толық аяқталды. Оның 639-ы аудандық ауруханалардың балансына берілді, 587 нысан бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия алынды. Сонымен қатар 32 орталық аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева денсаулық сақтау саласының цифрлық инфрақұрылымын дамыту жұмысын жалғастыруды, Ұлттық жоба аясындағы іс-шаралардың уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ бұл бағыттағы жұмысты облыс әкімдерінің орынбасарлары деңгейінде жеке бақылауға алуды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 19:07 241
Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысымен бірге сайысты Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жарысқа әлемнің 36 елінен 300-ге жуық үздік спортшы қатысып жатыр.
Олардың арасында дүние жүзінің үздік палуандары - Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының және құрлық біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
Еліміздің абыройын 53 спортшы қорғайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 12:33 68041
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр Қызылорда облысы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жиын барысында Мемлекет басшысының Қызылорда облысының әкімі лауазымына екі кандидатты: Ардақ Зебешев және Мұрат Ергешбаевты ұсыну туралы хаты оқылды.
Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 81% депутат Мұрат Ергешбаевтың кандидатурасын қолдады. 19% депутат Ардақ Зебешевке дауыс берді.
ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі болып Мұрат Ергешбаев тағайындалды.
Олжас Бектенов облыс активімен кездесуде Мемлекет басшысының атынан Нұрлыбек Нәлібаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 4 жылда 2 есеге артып, 3,7 трлн теңгеге жетті. Инвестиция тарту, әлеуметтік маңызды инфрақұрылымды салу және жаңғырту, абаттандыру және басқа да салалар бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Премьер-министр облыс активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырып, Президенттің Қызылорда облысы басшылығының алдына бірқатар басым міндет қойғанын атап өтті. Бұл - бірінші кезекте Мемлекет басшысының бастамасымен елімізді әрі қарай жаңғыртуға бағытталған, халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономика салаларын әртараптандыру және цифрландыру, инвестиция тарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту сынды өзге де басым бағыттарға бағдарланған конституциялық реформаны жүзеге асыру.
Президенттің бастамасымен елімізде маңызды саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілуде. "Әділетті Қазақстан" тұжырымдамасының нәтижелі жүзеге асырылуы осы отырған бәрімізге байланысты екенін айтқым келеді. Мемлекет басшысы Қызылорда облысының дамуын үнемі назарда ұстап келеді. Мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық құрылым мен қоғам бірлесіп жұмыс істеуі қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов. Сонымен қатар Премьер-министр бірқатар тапсырма берді.
Өңір басшылығы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей әсер ететін маңызды жобалардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуі керек. Президенттің бастамасымен Қызылорда қаласында қуаты 240 МВт болатын жаңа газ ЖЭО-сы салынып, пайдалануға берілді, ол халықтың электр және жылу энергиясына деген сұранысын толығымен жабуға мүмкіндік береді. Ірі энергетикалық жобаға 215 млрд теңге көлемінде инвестиция салынды.
Сонымен қатар Қызылорда қаласы ыстық сумен қамтамасыз етілді, оған республикалық бюджеттен 26 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
АӨК саласында ауыл шаруашылығы дақылдары көлемін оңтайландыру және су үнемдеу технологияларын енгізу міндеттерінің маңыздылығы атап өтілді.
Кәсіпкерлік белсенділікті қолдау арқылы шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуға және олардың өңір экономикасындағы үлесін одан әрі арттыруға назар аударылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 24,7%-ды құрады.
Сондай-ақ талдау және бюджет қаражатын тиімді жұмсау бойынша тәжірибені жалғастыру қажет. Қызылорда облысында кейінгі 4 жылда әлеуметтік салада 100 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына тосқауыл қойылды. Үнемделген қаржы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 09:04 111616
ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
7 мамыр - Отан қорғаушы күніне орай облыс орталығындағы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов, құқық қорғау органдарының басшылары, әскерилер, түрлі сала мен ұйымдар өкілдері, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубтарының мүшелері мен жастар қатысты.
Бүгін біз ел тыныштығы мен бейбіт өмірдің сақталуына үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетіп, ерлігі аңызға айналған батыр бабаларымыздың даңқты жолын кейінгі ұрпаққа үлгі етеміз. Отан қорғау - қасиетті парыз әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан бұл мереке әр азамат үшін ерекше мәнге ие. Салтанатты жиынның Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов ескерткіші жанында өтуінің символдық маңызы зор. Ол майдан даласында ерлік көрсетіп, ел басына күн туған шақта батырлықтың биік үлгісін танытты", - деді облыс әкімі.
Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде бүгінгі сарбаздар мен офицерлер - осы даңқты жолдың лайықты жалғастырушылары екендігін жеткізді.
Одан соң жемісті еңбек етіп жүрген әскерилер, құқық қорғау органдары мен ТЖД қызметкерлері мерекеге орай облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Шара соңында жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.04.2026, 17:32 143486
Отын-энергетика кешеніне ЖИ технологиялары енгізілуде
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономика саласына жасанды интеллект енгізу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жиында Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ, Астық консорциумы және "Ascle" ІТ стартап басшылығы баяндама жасады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов отын-энергетика кешені секторларындағы ЖИ жобалары туралы айтып берлді.
Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында министрлік отын-энергетика кешеніне жасанды интеллектіні енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта министрлік жаһандық вендорлар, салалық компаниялар және Жасанды интеллект шешімдері бар IT-компаниярдың қатысуымен AI-альянс құрды. Сонымен қатар отандық бағдарлама өндірушілерді қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта Astana Hub резиденттерімен Жасанды интеллект шешімдерін бірлесіп сынақтан өткізу және енгізу бойынша меморандумдар жасалды. Бүгінгі таңда 45 жобадан тұратын портфель жасақталды, оның 10-ы сараптама сатысында, 27-сі әзірлену сатысында және 8-і іске қосылу сатысында", - деді ол.
Оған бірінші мысал - мұнай өндіру саласында жасанды интеллектіні практикалық қолдану. Бұл - ұңғымаларды онлайн бақылауға арналған интеллектуалды жүйе. Жүйенің негізгі міндеті - ұңғымалардың көрсеткіштерін нақты уақыт режимінде талдау. Жасанды интеллект проблемалық учаскелерді анықтайды, жоспарлы көрсеткіштерден ауытқуларды тіркейді, мұнай өндіру көлемін болжайды және мамандарға тиімді шешім қабылдауға көмектеседі.
Пилоттық жобаны енгізу бірқатар жер қойнауын пайдаланушылар базасында жүзеге асырылды. Күтілетін нәтиже - ұңғымалардың тоқтап қалу уақытын 20%-ға дейін қысқарту және жылына 1 млрд теңгеге дейін экономикалық тиімділікке қол жеткізу.
Айта кету керек, бұл жүйе - қазақстандық өнім. Оның экспорттық әлеуеті бар. Қазіргі уақытта жүйені халықаралық нарықтарға, оның ішінде АҚШ нарығына шығару бойынша жұмыс жүргізілуде.
Келесі мысал - мұнай өнімдерінің айналымын талдау үшін жасанды интеллектіні қолдану. Бұл жүйе нарық қатысушыларынан келетін цифрлық деректерді біріктіреді. Жасанды интеллект мұнай өнімдерінің қозғалысын талдайды, өңірлер бойынша қор көлемін болжайды және артық қор немесе тапшылық тәуекелдерін алдын ала анықтауға көмектеседі. Бұл жеткізілімдерді нақты жоспарлауға, логистиканы үйлестіруге және басқарушылық шешімдерді уақытында қабылдауға мүмкіндік береді. Күтілетін нәтиже - жоспарлау дәлдігін 85%-ға дейін арттыру және жылына 22,5 млрд теңгеге дейін экономикалық әсерге қол жеткізу. Айта кету керек, бұл Жасанды интеллект моделі де - қазақстандық өнім. Ол "ҚазМұнайГаз" бен Қазақстан-Британ техникалық университетінің ынтымақтастығы мен AI SANA бағдарламасы аясында жасалған", - деді энергетика министрі.
Үшінші мысал - кен орнын тиімді басқару үшін жасанды интеллектіні қолдану. Бұл жерде геологиялық және гидродинамикалық модельдерді талдайтын, нақты уақыт режимінде деректерді тексеретін, кен орындарын игеруді оңтайландыруға көмектесетін және мұнай алу коэффициентін арттыратын Жасанды интеллект платформасы туралы сөз болып отыр. Жүйені өндірістік енгізу "ҚазМұнайГаз" активтерінің портфеліне кіретін 12 кен орнын қамтиды. Күтілетін экономикалық тиімділік 2030 жылға қарай 2,9 млн тонна қосымша өндіру есебінен 326,3 млрд теңгеге дейін құрайды. Бұл жүйе - "ҚазМұнайГаздың" меншікті өнімі және басқа мұнай өндіруші ұйымдардың кен орындарында кеңінен тарату әлеуеті бар.
Төртінші мысал - өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру үшін жасанды интеллектіні қолдану. Жүйе өндірістік нысандардағы бейнеағындарды автоматты түрде талдайды. Нақты уақыт режимінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуын анықтайды. Бұл бақылауды күшейтуге, оқиғаларға жылдам әрекет етуге және апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Пилоттық жобаны министрлік жетекшілік ететін ұлттық компаниялардың объектілеріне енгізу көзделген. Күтілетін нәтиже - өндірістік оқиғаларды 78%-ға дейін төмендету және жылына 2,84 млрд теңгеге дейін экономикалық әсерге қол жеткізу", - деді Ерлан Ақкенженов.
Бесінші мысал - табиғи газ тұтынуын болжау үшін жасанды интеллектіні қолдану. Жүйе мобильді қосымша арқылы газ есептегішінің көрсеткіштері мен сериялық нөмірін фотосурет арқылы автоматты түрде таниды. Бұл тұтынушыларға деректерді газбен жабдықтаушы ұйымға тез әрі қатесіз жіберуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жасанды интеллект моделі газ тұтынудың ұзақ мерзімді болжамын жасайды. Бұл газ жеткізуді жоспарлау және басқару сапасын арттырады. Күтілетін нәтиже - деректерді беру дәлдігін 86%-ға дейін арттыру, сондай-ақ газбен жабдықтау операторының шығындарын оңтайландыру есебінен жылына 300 млн теңгеге дейін экономикалық әсерге қол жеткізу.
Алтыншы мысал - Біртұтас энергетикалық жүйені басқару үшін жасанды интеллектіні қолдану. Жүйе деректерді нақты уақыт режимінде талдауға және диспетчерлердің жедел шешім қабылдауына көмектесуге арналған. Жасанды интеллект моделі электр жүктемесін болжайды, ықтимал бұзушылықтарды анықтайды және энергожүйедегі оқиғаларға жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді. Пилоттық жобаны енгізу KEGOC базасында жүзеге асырылуда. Жоба - қазақстандық өнім және AI Governance Cup конкурсының жеңімпазы. Күтілетін нәтиже - инциденттерге әрекет ету уақытын 30%-ға дейін қысқарту. Алдын ала консервативтік есептеулер бойынша экономикалық әсер жылына 200 млн теңгеге дейін болуы мүмкін", - деді спикер.
Жетінші мысал - жаңартылатын энергия көздері объектілерінің генерациясын болжау үшін жасанды интеллектіні қолдану.
Жүйе ауа райы деректерін, бұрынғы генерация көрсеткіштерін және нысандардың қазіргі жұмыс жағдайын ескере отырып, электр энергиясын өндіру көлемін бір тәулікке алдын ала болжайды. Пилоттық жобаны енгізу KEGOC және "Самұрық-Энерго" объектілерінде жүзеге асырылуда. Өнімді алдағы уақытта барлық ЖЭК генерациясы нысандарында кеңінен қолдануға болады. Нәтижесінде жаңартылатын энергия көздердің нақты өндіріс көлемінің жоспарлы көрсеткіштерден ауытқуын 25%-ға дейін төмендету, сондай-ақ генерацияны дәл жоспарламаудан туындайтын шығындарды азайту есебінен жылына 1,2 млрд теңгеге дейін үнемделеді.
Сегізінші мысал - жылу желілерінің жағдайын диагностикалау үшін жасанды интеллектіні қолдану. Бұл - акустикалық резонанс әдісін қолдана отырып, құбыр ішіндегі диагностиканы жүргізетін роботтандырылған кешен. Жасанды интеллект моделі алынған деректерді талдайды, жылумен жабдықтау нысандарының техникалық жағдайын бағалайды, ақауларды анықтайды және апат қаупін алдын ала болжайды. Пилоттық жобаны енгізу Шымкент қаласындағы "Қуатжылуорталық-3" объектісінде жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта жоба кеңінен тарату кезеңінде. Өнімнің экспорттық әлеуеті бар. Оны Өзбекстан нарығына шығару бойынша жұмыс жүргізілуде. Шымкент қаласындағы пилот қорытындысы бойынша маңызды нәтиже алынды: жөндеу жұмыстарына арналған бюджетті 75%-ға дейін қысқарту және жылына 887 млн теңгеге дейін экономикалық әсерге қол жеткізу", - деді министр.
Ұсынылған жобалар жасанды интеллекттің отын-энергетика кешенінде іс жүзінде қолданылып жатқанын және нақты нәтиже беріп отырғанын көрсетеді. Отандық әзірлемелерді қолдауға ерекше назар аударылуда. Көптеген шешімдер қазақстандық компаниялар тарапынан әзірленуде және оларды кеңінен қолдануға әрі экспортқа шығаруға мүмкіндік бар. Министрлік жасанды интеллект шешімдерін енгізуді жеделдету, табысты жобаларды кеңінен тарату және отын-энергетика кешенінде жасанды интеллектіні қауіпсіз қолдану үшін қажетті жағдайлар жасау жұмысын жалғастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.05.2026, 10:20Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді 08.05.2026, 09:04 110916ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды09.05.2026, 10:26 67691Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады08.05.2026, 12:33 67456Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды09.05.2026, 10:36 67186Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
13.04.2026, 21:35 474616Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 474526Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады474486Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады17.04.2026, 20:43 439786Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты17.04.2026, 18:46 439301Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты

