01.06.2022, 18:53 14911

Қаңтар трагедиясы: резиденцияны басып алу билікті құлату кезеңдерінің бірі ретінде ойластырылған

Қаңтар трагедиясы: резиденцияны басып алу билікті құлату кезеңдерінің бірі ретінде ойластырылған
Сурет: facebook/Салтанат Ташимова
НҰР-СҰЛТАН. 1 МАУСЫМ - Бас прокуратура қаңтар айындағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеу барысы туралы хабарлауды жалғастыруда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингі барысында Алматыда жасалған қылмыстардың мән-жайларына толығырақ тоқталды. Қаңтар оқиғалары кезінде елдің ең тығыз қоныстанған қаласы – Алматы қаласына ең көп шығын келтірілді.
 
Спикердің айтуынша, саны 1 мың адамға дейінгі жекелеген топтар халық арасында қорқынышты туғызу үшін мемлекеттік биліктің символы және қала тіршілігінің жедел басқару орталығы ретінде әкімдік пен Президент Резиденциясын мақсатты түрде басып алды. 
 

Бүгінгі күні Резиденция ғимаратына жасалған шабуылдарға тойтарыс беру кезінде қаза тапқан 12 адам терроризм актілерін жасағаны үшін күдікті деп танылды. Ғимараттарды қиратулар, өртеу және қарулы шабуылдар нәтижесінде Алматы қаласы бойынша алдын ала шығын 98 млр. теңгені құрады, оның ішінде 1592 бизнес субьектілеріне 92 млрд теңге залал келтірілді. Құрылымдық күштердің 9 қызметкері қаза болып, 2 260-ы дене жарақаттарын алды. Қылмыскерлердің көрсетілген әрекеттері заң бойынша терроризм актісі ретінде сараланады", - деді Елдос Қилымжанов.

 
Оның айтуынша, Қаңтар оқиғалары кезеңінде жасалған барлық қылмыстар бойынша тергеу органдарымен Алматы қаласында барлығы 1 066 қылмыстық іс тергелуде, оның ішінде 5-уі жаппай тәртіпсіздіктер, 5-уі терроризм актілері бойынша. Соттың санкциясымен 205 күдікті адам қамауда. 
 

Әрбір қамауға алынған адам бойынша олардың қылмыстарға қатыстылығы және оларға белсенді түрде қатысқандығы туралы жеткілікті мәліметтер бар", - деп атап өтті Бас прокуратура өкілі.

 
Бас прокуратураның ведомствоаралық тергеу-тобымен қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысында Алматы қаласы полиция департаментіне шабуылдаған 3 адамның қаза болу мән-жайлары анықталды. 
 

5 қаңтарда Алматы облысының 2 тұрғыны және, Шығыс Қазақстан облысының 1 тумасы полицияның ғимаратына қарулы шабуылдар жасаған. Бұған дейін олар рөлдерді нақты айқындап, екеуі автоматтармен қаруланып, біреуі жанғыш қоспаны алған. Өз әрекеттерін жүзеге асыру үшін алаңнан әскери жүк автокөлігін айдап кетіп, онымен Полиция департаментінің ғимаратына жеткен. Олардың бірі полиция ғимаратына қарама қарсы көп пәтерлі тұрғын үйдің төбесіне көтеріліп, полиция қызметкерлеріне көздеген оқ жаудырған. Сонымен қатар ол өзінің сыбайластарын қорғаған. Басқа қатысушы әскери көлікте Полиция департаментінің қақпасын бұзып өтуге тырысқан. Үшінші қатысушы басқа шабуылдаушыларды басқарып, қолдарымен шабуылдың мақсатын белгілеп, ғимаратқа өрт қоспасын лақтыруға әрекет еткен. Шабуылға тойтарыс беру нәтижесінде полиция қызметкерлерімен үшеуінің де көзі жойылды", - деді Қилымжанов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны