15.07.2022, 15:49 33326

Экология министрлігінде киіктердің популяциясын басқарудың жаңа тәсілдері талқыланды

Экология министрлігінде киіктердің популяциясын басқарудың жаңа тәсілдері талқыланды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 15 ШІЛДЕ - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөгісінен кейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ақбөкендердің популяциясын басқарудың жаңа тәсілдерін қарастыру мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Зоология институты мен Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері әр популяцияның оңтайлы санын анықтау, тиімді мониторинг және тұрақты басқару үшін Қазақстандағы киік популяциясы ареалындағы экожүйелерді кешенді бағалау бойынша терең ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс айтты. Киікті сақтау тұрғысынан, оны қорғай отырып, орынды пайдалану кезінде киік таралымының барынша мүмкін болатын мөлшерін ұстап тұру неғұрлым орынды болады", - деп хабарлады Экология министрлігі.

 
Ведомствода атап өткендей, мұндай популяцияны басқару мұқият дайындықты қажет етеді. Аталмыш жұмыс басталып кетті және Министрлікпен, барлық мүдделі тараптардың бақылауымен, жұртшылықты хабардар ете отырып жүргізілетін болады.
 
Сондай-ақ, жиында Серікқали Брекешев Ауыл шаруашылығы министрлігіне жабайы аңдармен келтірілген зиянды есептеу әдістемесін әзірлеу және фермерлерге келтірілген залалды өтеу мәселелерін қарау қажет екенін атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны