19.07.2022, 16:14 9701

Қазақстан мен Ресей Азиядағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Ресей СІМ-нің орынбасары Игорь Моргуловпен кездесті.
Қазақстан мен Ресей Азиядағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Сурет: depositphotos
МӘСКЕУ. 19 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Игорь Моргуловпен кездесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кездесу барысында тараптар Азиядағы көпжақты форматтағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының жай-күйі мен дамуы туралы пікір алмасты.
 
Тараптар Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шеңберіндегі екі елдің қарым-қатынас мәселелеріне ерекше назар аударды.
 
Сонымен қатар, Қазақстан тарапының отырысқа қазіргі төрағалығын ескере отырып, Әділ Тұрсынов ресейлік дипломатты 2022 жылғы қазанда өтетін АӨСШК 6-шы Саммитіне дайындық барысы, оның ішінде іс-шараның күн тәртібі, оның мазмұндық және ұйымдастырушылық аспектілері туралы хабардар етті.
 

Ресей тарапы форум қызметін жандандыру бойынша Қазақстан төрағалығымен жүргізіп жатқан жұмысты жоғары бағалап, Азия кеңесін халықаралық ұйымға айналдыруды қолдайтынын білдірді", - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

 
Сондай-ақ, тараптар АӨСШК аясындағы алдағы іс-шаралар кестесін талқылады.
 
Келіссөздер қорытындысы бойынша, дипломаттар АӨСШК 6-шы Саммитін табысты өткізу, сондай-ақ Азиядағы көпжақты форматтағы екі ел арасындағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында белсенді байланыстарды жалғастыруға келісті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны