09.08.2022, 17:02 17326

Смайылов министрлер мен әкімдердің халықпен кездесуін бағалау критерийлерін әзірлеуді тапсырды

Министрлер мен әкімдерге халықпен кездесулердің нәтижелілігін арттыру тапсырылды.
Смайылов министрлер мен әкімдердің халықпен кездесуін бағалау критерийлерін әзірлеуді тапсырды
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 9 ТАМЫЗ - Премьер-Министр Әлихан Смайылов министрлер мен әкімдердің халықпен кездесуін бағалау критерийлерін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ұлттық экономика, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау үшін әкімдер мен министрлердің халықпен кездесуін бағалау критерийлерін әзірлеуі қажет", - деп хабарлады Үкімет отырысы барысында Әлихан Смайылов.

 
Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, министрлер мен әкімдерге халықпен кездесулердің нәтижелілігін арттыру тапсырылды. Мұнда проблемалық мәселелердің жедел шешілуіне басымдық беріп, нысаналы топтармен тұрақты кездесулер өткізіп отыру керек.
 
Сонымен қатар, Әлихан Смайылов республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру немесе нақтылау кезінде халықтың кездесулер барысында көтерген мәселелерін ескеру қажет екеніне назар аударды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны