15.12.2022, 18:06 26061

БҚДА басшысы Тоқаевқа монополияға қарсы тергеулердің барысы туралы баяндады

Биыл 118 іс бойынша тергеу амалы аяқталды, 95 іс әлі қаралып жатыр
БҚДА басшысы Тоқаевқа монополияға қарсы тергеулердің барысы туралы баяндады
Астана. 15 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа монополияға қарсы тергеу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорда.
 
Президентке Агенттік қызметінің негізгі бағыттары мен бәсекелестікті дамыту механизмдерін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берілді.
 
Марат Омаров Мемлекет басшысына негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдар мен оларды жоюға бағытталған Агенттік қабылдап жатқан шаралары туралы баяндады.
 
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа монополияға қарсы жүргізілген тергеу жұмыстарының аралық нәтижелері, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметін жақсартуға, оның ішінде корпоративтік басқару элементтерін енгізуге, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға қатысты қабылданған операциялық шаралар туралы мәлімет берілді.
 

Биыл 118 іс бойынша тергеу амалы аяқталды, 95 іс әлі қаралып жатыр", - деді Омаров.

 
Кездесу соңында Мемлекет басшысы экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестікті дамытуға, ведомствоның жүргізіп жатқан тергеу амалдарына, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғау және дамыту тәсілдеріне қатысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны