29.12.2022, 15:02 34721

Гүлсара Арыстанқұлова Қазақстанның Монакодағы елшісі болып тағайындалды

Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды
Гүлсара Арыстанқұлова Қазақстанның Монакодағы елшісі болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Астана. 29 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Қазақстан Республикасының Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова 1971 жылы 15 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Страсбург қаласының Гуманитарлық ғылымдар университетін және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Халықаралық қатынастар саласындағы доктор.

Дипломатиялық қызметін 1998 жылы Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің атташесі ретінде бастады. ҚР СІМ Орталық аппаратында ТМД істері жөніндегі комитеттің екінші, бірінші хатшысы, Халықаралық ақпарат комитетінің басқарма басшысы лауазымдарын атқарды. 2003-2007 жылдары Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде екінші, одан кейін бірінші хатшы болып жұмыс істеді.

2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында консультант, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді және Қазақстанның Франциядағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Француз және ағылшын тілдерін меңгерген. ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны