30.03.2023, 11:42 60906

Тоқаев ағымдағы жылы инфляция деңгейін екі есе төмендетуге тапсырды

Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды, деді Президент
Тоқаев ағымдағы жылы инфляция деңгейін екі есе төмендетуге тапсырды
Сурет: Depositphotos
Астана. 30 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде ағымдағы жылы елдегі инфляция деңгейін екі есеге төмендетуге тапсырды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек. Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту - негізгі басымдықтың бірі. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек", - деді Мемлекет басшысы.


Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту, аумақтық саясаттың жан-жақты ойластырып жүргізу, адам капиталының сапасын дәйекті әрі жүйелі түрде арттыру және мемлекеттік аппараттың жұмысын қайта қарап, оны жаңғырту мәселелеріне тоқталды.

Еске салайық, Мемлекет басшысы 1 қыркүйектен бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдарға берілетін жәрдемақыны көбейтуді тапсырған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны