31.05.2023, 16:33 14761

Ақмола полицейлері 500 млн теңге сомасына заңсыз есепке қою фактілерін анықтады

30 жастағы жігіт анықталып, оның іске қатысы тексерілуде
Мамыр айының ортасында Ақмола облысы ПД-ніғ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақмола облысының "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ ішкі қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жалған құжаттарды пайдалана отырып, шетелден әкелінген 62 автокөлік құралын есепке заңсыз қою фактілерін анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Шығын көлемі 500 млн теңгені құрады.

Бұл факт ҚР ҚК 385-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

30 жастағы жігіт анықталып, оның іске қатысы тексерілуде. Бұл іс экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Полицейлер тексеруді жалғастыруда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны