09.04.2024, 16:11 46661

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге 64 млн теңге әлеуметтік төлем берілді

Су тасқынынан келген материалдық шығындарды есептеу мақсатында әр ауданның жеке комиссиясы құрылып, 2652 өтініш қабылданып, бағалау жұмыстары жүргізілуде
Ақтөбеде су тасқынынан келген материалдық шығындарды есептеу басталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Су тасқыны салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардан бүгінгі күні 206 адамға 64 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табуда", - деді А, Есенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, су тасқыны салдарынан облыста 1087 тұрғын үй, 47 ғимарат пен құрылыстар, 232 аула және 852 саяжай үйлері зақымданған.

Су тасқынынан келген материалдық шығындарды есептеу мақсатында әр ауданның жеке комиссиясы құрылып, 2652 өтініш қабылданып, бағалау жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, зардап шеккен барлық тұрғынның шығындары өтеледі", - деді спикер.


Сондай-ақ, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға 2 пункт құрылып, барлығы 300 тоннаға жуық тауар жиналды. Оның 215 тоннасы мұқтаж тұрғындарға таратылды. Бұл жұмысқа 8 524 волонтер ат салысуда.

Айта кетейік, Ақтөбенің су қоймаларында су деңгейі түсіп келеді. Өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты деңгейде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны