08.06.2023, 12:05 13771

Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізіледі
Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды
Сурет: lada.kz
Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды қалалық әкімшіліктен.

йБүгін, 2023 жылдың 7 маусымы сағат 15:00-де Каспий теңізінің тартылуына байланысты орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ақтау қаласы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті", деп айтылған Ақтау әкімдігінің хабарламасында.

Нәтижесінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды.  
Бұл шешім "МАЭК" ЖШС жұмысына әсер етпейді, тұрғындарды электрмен және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны