04.03.2020, 12:22 3934

Ақтауда әскери қызметшілер арасында Qazaq kuresi чемпионаты өтті

Ақтаулық офицер "Батыс" өңірлік қолбасшылығының Qazaq kuresi-нен чемпионы және "Батыс барысы" атағының иегері атанды.

Алматы. 4 наурыз. Kazakhstan Today - Ақтауда әскери қызметшілер арасында Qazaq kuresi чемпионаты өтті.

Ақтаулық офицер "Батыс" өңірлік қолбасшылығының Qazaq kuresi-нен чемпионы және "Батыс барысы" атағының иегері атанды.

"Батыс барысы" жарысына Ақтөбе, Ақтау және Атырау гарнизондарының 50-ге жуық әскери қызметшілері қатысты. Палуандар екі салмақ дәрежесінде - 80 кг-ға дейін және 80 кг жоғары салмақта бақ сынасты.

Барлық белдесулер тең дәрежеде өтті. Палуандар түрлі әдіс-айла техникаларын көрсете білді. Жарыс нәтижесі бойынша Ақтау гарнизонының өкілі, аға лейтенант Нұрболат Саурбаев "Батыс Барысы" атағының иегері атанды.

Командалық есепте бірінші орынды 75488 әскери бөлімі, екінші орынды - 29011 әскери бөлімі, ал үшінші орынды 25744 әскери бөлімі иеленді. Барлық әскери бөлімдер Ақтау қаласында орналасқан.

-. Жыл сайын әскери бөлімдерде осы спорт түрімен шұғылдануға, оның ішінде әскери бөлімдерге қарасты әскери-патриоттық үйірмелерде айналысатын әскери қызметшілердің балалары үшін жақсы жағдайлар жасалуда. Сондықтан, келешекте жарыстың ауқымдылығы мен сапасы арта түседі деген ойдамын", - дейді "Батыс" өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт қызметінің бастығы майор Медет Құлыбеков.

Биылғы жарыстарының жеңімпаздары ағымдағы жылдың 12-14 наурыз аралығында Алматыда АОСК оқу орталығында өтетін Қарулы Күштердің Qazaq kuresi чемпионатына қатысады.

Qazaq kuresi қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі уақытта бұл жекпе-жек түрі бойынша әлемнің көптеген елдерінде Федерациялар ашылып, түрлі жарыстар ұйымдастырылуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны