09.04.2024, 11:54 33391

Абай атындағы ҚазҰПУ ғимаратының бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің" мүлкін заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтады, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

1997 жылы Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет, оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 000 теңгеге заңсыз сатты.

Сол жылы 62 000 теңгеге 26 сотық жер телімі де заңсыз сатылған.

Университет ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштеріне жатады, ал жер учаскесінде қаланың ең ескі сәулет құрылыстарының бірі - "Ескі қақпа" орналасқан.

Кейіннен оқу корпусының ғимаратында "Ескі қақпа" атты мейрамхана ойын-сауық мекемесі - ұйымдастырылған.

Медеу ауданының прокуратурасы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің күшін жою туралы сотқа шағым түсірді.

Сот шешімімен қадағалау органының талап арызы қанағаттандырылып, мүлік қайтарылды, шешім заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны