28.01.2020, 12:08 5779

Мемлекет басшысы "Abu Dhabi Global Market" еркін экономикалық аймағы Директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы "Abu Dhabi Global Market" еркін экономикалық аймағының елімізде атқарып жатқан жұмысына ризашылық білдіріп, қаржы нарығын реттеу саласындағы ықпалдастықты нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы "Abu Dhabi Global Market" еркін экономикалық аймағы Директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті.

Қазақстан Президенті "Abu Dhabi Global Market" (ADGM) еркін экономикалық аймағы Директорлар кеңесінің төрағасы, Мемлекеттік министр Ахмед Әли Әл Сайихпен кездесу өткізді.

Кездесуде тараптар Абу Даби еркін экономикалық аймағының "Астана" халықаралық қаржы орталығымен бірлескен жобаларының жүзеге асырылуы жайында әңгімелесті. Ахмед Әли Әл Сайихтың айтуынша, өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде нақты жоспарлары бар.

Мемлекет басшысы "Abu Dhabi Global Market" еркін экономикалық аймағының елімізде атқарып жатқан жұмысына ризашылық білдіріп, қаржы нарығын реттеу саласындағы ықпалдастықты нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны